Саясаткер Иманғали Тасмағамбетов халыққа деген өкпе-ренішін жайып салған еді. Мәскеуде тұратын саясаткер өзін ел үшін «от пен суға» түсіп жүрген қайраткер қылып көрсетпекші болған. Алайда оның үндеуі қоғам тарапынан тағы да сынға ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Тасмағамбетовты тағы сынға алған адамның бірі — Тортуыл (Нұржан) Шоқан. Желі белсендісі саясаткердің жарты сағаттық сөзінің құнын жоққа шығарды әрі қаражатын Ресейге салғанын жайып салды.
«Көп сынды үнсіз көтере білетін адамға түбі «бір сөз» өтеді де, ол «жарыққа» шығады. Меніңше, қазақ аудиториясына үндеу арнаған Иманғалиға өзін әлемжеліде «Ивангали» атағаны «өткен» сияқты.
Жә, мына «жартысағаттық» үндеуде —жартыминуттық салмақтың жоқтығын тәпсірлеп берейін», — деді ол.
Ал тағы бір желі қолданушысы ҰҚШҰ бас хатшысының үндеу жасауының астарын басқаша тәпсірледі. Үмітбай Абдин есімді желі қолданушысы Тасмағамбетовтің жалпыға үн қатуын сайлаудың жақындауымен, болашақ таққа үміткерлерді шығарумен байланыстырды.
«Мәскеуге барғаны — саяси қызметінің үзілмеуі еді, саясаткер адамныңбасты қадамы болды, енді әлеуметтік желіні байқады. Ағаш атқа теріс мінгізді. Бұл ақталу сияқты… Тасмағамбетов НӘН, Шөкеев, Тоқаев үштігінен алғашқы екеуге таңдау жасамады. Ол екеуі де мықты саясаткер, бірақ, бұлар НӘН-тан асып кетер еді. Барлық жағынан… Шөкеев экономикалық қуатты арттыратын тұлға. Тасмағамбетов қызыл сөзден қуырдақ қуырады, поптұлға болады. НӘН далада қалар еді. Тіпті, жиған-тергенін тәркілеуі де мүмкін… Тоқаевты таңдағанын білесіздер… Енді стратегиялық мақсаты айқын. Пөтекең қолдаса КР президенті болып қалмақ…Ал, Тоқаев өз мұрагерін Ельцин сияқты премьер-министр етсе, Шахмат тақтасы күрделенеді. РФ тарапынан арандату, ақпараттық соғыс етек алуы бек мүмкін… Қайткен күнде аяғы аспаннан келіп жеңілмесе, Пукең бар айла-шарғымен Тасмағамбетовті итереді… Онда не болмақ?
Менің ойымша, дүрбелең де болуы мүмкін. Мына сөзінен көп нәрсе айқын болды. Үміткер белгілі. НӘН таңдамаған екі адамның бірі — еркін сайлау болса, күйеудің Ракишев пен олигополияның (Ресейшіл Турлов, Лаврентьев) қолдауымен қонжиюы әбден мүмкін.
Ал, қалған шаруа елге байланысты емес, саяси ойыншылар мен ойынға байланысты болмақ», — деп топшылады ол.
Саяси жағдайға шолу жасаған Торуыл Шоқан болса, ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетов үштік одақтан шығу туралы мәселе көтергенде әлдеқайда маңызды болар еді деп санайтынын айтты.
«Жә, қазақ елін РФ «боданына» айналдырған үштік одақтан неге шығайық демейді?
Соның бірінде өзі басшы болып отырғанша қызметтен кетіп, неге ел ішіне келіп, ақсақал атанып, мына арабтанып, орыстанып бара жатқан қоғамға неге қазақылықты сіңірмейді?
Қазаққа құр сөзден басқа салған инвестициясы жоқ Имекең мен үшін әзірге «имансыз» зиялылар қатарынан. Мәдени элитаға халықтың есебінен үй тарата жүріп жинаған абыройы арқасында жинаған ақшасын РФ — тің «Камазына» салып, қалғанын жекебасы пиарына жұмсап жүр. Назарбаев қолдан жасаған қиын-қыстау кезеңдерінде өзін қорғаған халыққа «взамен» ештеңе бергені жоқ қой әлі», — деп жазды ол.
Саясаткердің мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, ойларын ашық айтып жатқан желі қолданушылары тоқтар емес.