Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 1 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газын азайтуға сеп болады: Алматы облысында экологиялық жоба жүзеге асып жатыр

1 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газын азайтуға сеп болады: Алматы облысында экологиялық жоба жүзеге асып жатыр

1 Мамыр, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Өткен жылдың қарашасында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында парниктік газдар шығарындыларын сіңіруді сатып алу жөніндегі келісімге қол қойылды. Emission Removal Purchase Agreement (ERPA) орман-климаттық жобасы – Қазақстанда алғаш рет іске қосылған бастама және ол Алматы облысында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында Қонаев қаласының Шеңгелді ауылдық округінде 10 мың түп терек, жабайы өрік, «Сириус» және басқа да ағаш түрлері отырғызылды.

Экологиялық шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов, SAFC компаниясының өкілдері, облыстық ғылыми-аграрлық институт мамандары және еріктілер қатысты.

Бұл бастама еліміздің табиғи ортасын жақсартуға, көміртек ізін азайтуға және экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған. Жоба аясында бұрын деградацияға ұшыраған және өнімділігі төмен ауыл шаруашылығы алқаптарының 1 500 гектарына жергілікті ағаш түрлерінің 3,5 миллионнан астам көшеті отырғызылады.

– Бұл көміртек кредиттеріне арналған ауқымды жобаның бастауы. Халықаралық ұйымдармен, шетелдік компаниялармен және отандық ғалымдармен бірлесе отырып, су үнемдейтін технологиялар қолданыла бастады, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ облыс басшысы отырғызылған ағаштардың өңір микроклиматын өзгертуге әсер ететінін атап өтті. Ағаш жолақтарының арасында бақша және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге болады. Сонымен қатар бұл бастама облыстағы көшет шаруашылықтарына деген сұранысты арттырады.

Жобада тамшылатып суару технологиясын енгізу көзделіп отыр.

Бұл су ресурстарын тиімді пайдалануға және құрғақ климат жағдайында тұрақты орман экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба аумағында көшетхана құрылып, инфрақұрылым іргетасы қаланды. Сонымен қатар жобаны кеңейтуге бағытталған ұзақмерзімді жоспарлар жасалуда.

Райымбек Баталовтың айтуынша, экологиялық жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда.

– Барлық отырғызу және бақылау халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі, бұл көміртек бірліктерін сатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаның аясында бірнеше бағытты қамту жоспарлануда: «Еділбай» тұқымды қой өсіру, жеміс-көкөніс өнімдерін – әсіресе қызанақ өсіру ісін италиялық инвесторлармен бірге қолға алу. Бұл жобалар аграрлық салада және су мен энергияны үнемдеу технологиялары бағытында жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болады, – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы.

Жобаны қаржыландыру және көміртек кредиттерін халықаралық нарыққа шығару ісінде SEFE Marketing & Trading атты еуропалық серіктеспен бірлескен SAFC ЖШС іске асыруда. Жоба CCB Gold және Abacus халықаралық экологиялық стандарттары бойынша сертификаттаудан өтуде. Алдағы 30 жыл ішінде бұл бастама 1 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газын азайтуға сеп болады.

Экологиялық жоба БҰҰ-ның тұрақты дамуының алты мақсатына қолдау көрсетеді: климаттың өзгеруімен күрес, жерді қалпына келтіру, жұмыс орындарын құру және «жасыл» экономиканы дамыту.

Бұл бастама елдің болашағына елеулі үлес қосып, экономикалық даму мен табиғатты сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге жол ашады.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы Алматы облысында ауқымды іс-шараларды қамтиды. Биыл акцияға 186 мың адам, 9 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйым қатысты. 6 300 тонна қоқыс жиналып, 70 мыңға жуық ағаш отырғызылды, түрлі ағаш тұқымдарының 13 келі дәні себілді. Шараларға 2 мыңнан астам техника тартылды.

Оқылып жатыр

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Алматы мен Мәскеу облыстары ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.