Абай облысында локомотив депосының бастығы А.Смағұлов пен жылыту техникасы машинисі М.Мейрамғазин 2022 жылдың қаңтар-сәуірі аралығында тұтыну көлемін жасанды түрде ұлғайтып, 920 млн теңгеге дизель отынын заңсыз иемденген, деп хабарлайды Todayinfo.
Сотта анықталғандай, айыпталушылар локомотивтерді пайдалану кезінде дизельдік отын шығынының ұлғаю себебін өңірдегі ауа райының келеңсіздігімен, нақты айтқанда қатты желмен түсіндірген. Олар осылайша 3 мың тоннадан астам жанармайды иемденіп үлгерді.
— Сот үкімі бойынша депо басшысы Смағұлов 8 жылға, машинист Мейрамғазин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де материалдық жауапты қызмет атқару құқығынан айырылды. Жоғарыда аталған залал сотталғандардан өндіріледі, – делінген прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.