Қазгидромет Қазақстан тұрғындары үшін 10 желтоқсандағы ауа райы болжамын ұсынды.
Фото: depositphotos.com
Астана
Астанада ауыспалы бұлтты, түнде аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -25…-27°C, күндіз -15…-17°C.
Алматы
Алматыда да ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде -14…-16°C, күндіз -4…-6°C.
Шымкент
Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -1…+1°C.
Ақмола облысы
Батыс, солтүстік және шығысында аздаған қар, боран болады. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде -23…-28°C, батысы мен солтүстігінде -20°C, күндіз -15…-20°C, батысы мен солтүстігінде -11°C. Көкшетауда ауыспалы бұлтты, күндіз аздаған қар мен боран. Желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде -20…-22°C, күндіз -9…-11°C.
Алматы облысы
Шығысында, таулы аймақтарда күндіз аздап қар жауады. Солтүстігі мен оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде -12…-17°C, солтүстігі мен таулы аймақтарында -22…-27°C, күндіз -2…-7°C, таулы аймақтарда -12…-17°C. Қонаев қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -15…-17°C, күндіз -5…-7°C.
Жетісу облысы
Солтүстік бөлігінде қар, тұман және боран күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с болады. Түнде -13…-18°C, солтүстігінде және таулы аймақтарда -23°C, күндіз -6…-11°C, солтүстігінде -16°C. Талдықорғанда күндіз қар жауады. Түнде -15…-17°C, күндіз -6…-8°C.
Түркістан облысы
Жауын-шашын болмайды. Таулы аудандарда тұман, жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -11…-16°C, таулы аймақтарда -19°C, күндіз -3…+2°C, таулы аймақтарда -7°C. Түркістанда ауыспалы бұлтты, тұман күтіледі. Түнде -12…-14°C, күндіз -0…-2°C.
Батыс Қазақстан облысы
Жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнде -10…-15°C, оңтүстігінде -5°C, күндіз -0…-5°C. Оралда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -12…-14°C, күндіз -3…-5°C.
Атырау облысы
Жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -5…-10°C, шығысында -13…-18°C, күндіз -0…-5°C, шығысында -8°C. Атырауда ауа райы ашық. Түнде -8…-10°C, күндіз -2…-4°C.
Маңғыстау облысы
Жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде -3…-8°C, солтүстігінде -12°C, күндіз -3…+2°C, солтүстігінде -6°C. Ақтауда түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.
Ақтөбе облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде -13…-18°C, шығысында -21°C, күндіз -5…-10°C. Ақтөбеде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -13…-15°C, күндіз -5…-7°C.
Солтүстік Қазақстан облысы
Қар мен боран күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде -15…-20°C, күндіз -8…-13°C. Петропавлда түнде -17…-19°C, күндіз -8…-10°C.
Павлодар облысы
Шығысында аздап қар жауады. Түнде -20…-25°C, күндіз -15…-20°C. Павлодарда түнде -23…-25°C, күндіз -17…-19°C.
Қарағанды облысы
Түнде -25…-30°C, күндіз -17…-22°C. Қарағандыда түнде -25…-27°C, күндіз -18…-20°C.
Ұлытау облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде -18…-23°C, шығысында -26°C, күндіз -15…-20°C. Жезқазғанда түнде -18…-20°C, күндіз -15…-17°C.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде -22…-27°C, күндіз -15…-20°C. Өскеменде түнде -23…-25°C, күндіз -18…-20°C.
Абай облысы
Түнде -23…-28°C, күндіз -15…-20°C. Семейде түнде -23…-25°C, күндіз -18…-20°C.
Қызылорда облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде -13…-18°C, күндіз -5…-10°C. Қызылордада ашық ауа райы. Түнде -14…-16°C, күндіз -5…-7°C.
Жамбыл облысы
Жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Түнде -11…-16°C, күндіз -6…-11°C. Таразда түнде -14…-16°C, күндіз -7…-9°C.