Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

100 мың доллар мен ZEEKR талап еткен: Қытайдан келген қандастарды бопсалаумен айналысқан Антикор қызметкері сотталды

15 ноября, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Желіде Қытайдан келген Уәли Ыбырай есімді азаматты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері бопсалады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Halyqstan Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, Қытайдан келген қандас агенттік қызметкері Бақжан Мүталиев пен оның досы Бекнар Аманбаевқа «қарыз» болып шыққан. Бекнар Аманбаев аралас жекпе-жектен Еуразия және ТМД елдерінің және джиу-джитсудан екі дүркін ел чемпионы болған. Сондай-ақ жаттықтырушылықпен де айналысқан.

Жәбірленуішінің досының айтуынша, Уәли Ыбырай 2013 жылы отбасын Қытайдан тарихи отанына көшіріп, өзі сол елде қалған. Арада 10 жыл өткен соң ол отбасымен қауышуы керек еді. Дегенмен Қытай билігі оның құжаттарын алып қойған. Сондықтан ол Қазақстанға заңсыз көшіп, баспана сұраған.

«Әйелінің шағын кәсібі бар еді. Ыбырай логистикамен, жүк тасымалымен айналысып, зауыттан ZEEKR маркалы автокөліктерді жеткізуші қызметін атқарды. Осы жұмыстарды істеп жүрген кезде одан әлдекімдер 100 мың доллар (50 миллион теңгеге жуық) мен үш ZEEKR автокөлігін талап етіп, бопсалады. Егер сұраған нәрсесін бермесе, дене жарақатын саламыз деп қорқытқан. Ол өз өмірі үшін алаңдап, полицияға хабарласуымды өтінді. Құқық қорғау органдары істі қабылдап, тергеуді бастады. Бірақ біраз уақыт өткен соң тергеуші бопсалаушыларды босатқаны үшін пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бір қызығы, бопсалаушылар жазадан құтылып кетті», – деді жәбірленушінің досы.

Оның айтуынша, осы оқиғадан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Уәли Ыбырайды куәгер ретінде жауап алу үшін іздеген.

«Ыбырайды агенттік қызметкері Бақжан Мүталиев дереу жеткізуді тапсырыпты. Қытайға қайтарып жібере ме деп қорыққан Ыбырай үйіме келді. Мен оны тыныштандырып, оған көмектесетін адам барын айтып, Бекнар Аманбаевпен таныстырдым. Алайда мен Аманбаевтың Мүталиевтің ескі танысы екенін білмедім. Ол Ыбырайға тұруға ықтиярхат пен ЖСН алып беруге уәде еткен еді. Бірақ ол делдал болып, Мүталиевке одан ақша алуға көмектескен. Олар жасалмаған жұмыс үшін Уәли Ыбырайдан 50 мың доллар сұрады. Алайда досымда ондай ақша жоқ еді», – дейді жәбірленушінің досы.

Айтуынша, сол кезде бұрынғы бопсалаушылар да Ыбырайдың ізіне түсіп, тұратын жерін тауып алған.

Бопсалаушылардан қорыққан азамат Аманбаевты соманы 20 мың долларға (10 миллион теңгеге жуық) дейін азайтуға көндірген. Белгіленген күні ол бар болғаны 15 мың доллар (7 миллион 500 мың теңгеге жуық) жинағанын хабарлаған. Аманбаев ақша үшін келіп, бірақ бар болғаны 10 мың долларды (5 миллион 500 мың теңгеге жуық) алып, 5 мың долларды (2 миллион 500 мың теңгеге жуық) Уәли Ыбырайға «саған керек болып қалады» деп қалдырып кеткен. Ақшаны алғаннан кейін Аманбаев пен оның сыбайласы ұсталды.

Сот мәліметінше, антикор қызметкері кінәсін жоққа шығарды. Ал спортшы кінәсін ішінара мойындады. Антикор мәліметінше, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының төрағасы Айгүл Маликова іс бойынша жинақталған материалдар олардың кінәсін толық дәлелдеді деп есептеген.

«Қызметтік бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Бақжан Мүталиев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа режимдегі түзеу колониясында өтейді. Қылмысқа қатысқаны, пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін Бегнар Аманбаев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу колониясында өтейді», – делінген хабарламада.

 

 

Антикор бопсалаған келген млн теңге қандастан қызметкері Қытайдан

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.