Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы қоғамда еш тоқтамайтын «жиен – немере емес» деген пікірталасқа қатысты жазба жариялады деп хабарлайды Todayinfo.
«Біріншіден, қыздан туған балапандар да қыздың ата-анасына – немере. Ал қыздың бауырларына, туысқандарына – жиен.
Екіншіден, Пайғамбарымыздан (с.а.у.) да ұл қалмаған… қызынан тарағандар өздерін “Пайғамбардың ұрпағымыз” дейді, 100% дұрыс айтады, Пайғамбардың ұрпағы екені рас…
Үшіншіден, Пайғамбардың өзі әкеден іште жатқанда жетім қалып, анасының жұртына (нағашыларына) жақын болды.Медина – анасының елі, жері болды, Пайғамбарға қамқор болғандар да мединалық аңсарлар еді… Сол жерде Пайғамбарымыздың ислам діні қанатын кеңге, тамырын тереңге жайды… “Медина – менің қалам” деді… сол жерде мәңгілік мекеніне жайғасты…
Төртіншіден, ұлы бар, ұлы көп, ұлынан немерелері бар консервативный қазақтар мұны екі дүниеде де түсінбейсіздер.
Ұл түгіл қызға, қыз түгіл қызыл етке зар боп жүргендер қаншама! Солардың жан жарасын тырналап, жүрегінің қанын сорғалатқанды жақсы көресіңдер.Қызынан туған жалғыз немере, қызынан туған екі шөбере қызына 80-дегі әже бар игілікті жасап, былтыр 90-нан асып қайтыс болды.
Сіздер оған барып, “бұл сенің немерең емес, жиенің, бұлар шөберең емес – жиеншарың” десеңіздер, сол сәтте қолындағы таяғымен басыңызды жарар еді. өйткені ол кісіде бары сол.
Өз қыздарыңнан туған баланы жиен дейсіңдер ме, руымен айтасыңдар ма, көкірегінен итеріп тастайсыңдар ма – өздеріңіз білесіздер.Сол сияқты, жалғыз қызынан туған бір-екі түйірін “немерем” дей ме, “жиенім” дей ме, басқа дей ме – өздері біледі.
Ешкімнің шаруасы болмау керек. Ағайын-туғаны, елі-жұрты болса, ол бала бәрібір сол елдің баласы. Алайда екі атасына да, екі әжесіне де – немере болып қала береді……
“Өспейтін елдің баласы өнбейтін дауды қуады,- деп жазды журналист.