Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру
  • «Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «1039 педагог-сарапшы»: Түркістандағы мектептерде 5 мыңнан астам педагог еңбек етеді

«1039 педагог-сарапшы»: Түркістандағы мектептерде 5 мыңнан астам педагог еңбек етеді

3 октября, 2024 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласында бес мыңнан астам мұғалім болса, олардың 1039-ы жоғары санатты ұстаздар саналады. Түркістан қаласында 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған білім мекемелерінің есебінен мектептер мен балабақшалар санында едәуір өсім болды. Нәтижесінде қазіргі таңда мектептердің саны 78-ге жетті. Олардың ішінде 34 мемлекеттік мектеп болса, жеке мектептердің саны 44 болып отыр. Қазіргі таңда мектептерде 52 596 оқушы оқу жылын бастаса, олардың ішінде 40 168 оқушы мемлекеттік мектептерде, 12 428 оқушы жеке мектептерде білім алды. Ал, 21 мемлекеттік балабақшада 3 709 бала, 123 жеке балабақшаларда 13 079 бала (жалпы 16 788 бала) тәрбиеленуде. Сонымен қатар, 6 мектептен тыс мекемеде 3741 бала түрлі үйірмелерге қатысуда. Ал, 2023-2024 оқу жылында 5 181 мұғалім еңбек етсе, олардың ішінде 4 515 мұғалім мемлекеттік мектептерде, 666 мұғалім жеке мектептерде еңбек етеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1288 бала алғашқы білім мен тәрбие алып келеді, —  деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістандық педагогтар Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №412 бұйрығы негізінде жұмыс жасауда. Бұл орайда педагогтар «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыруда білім берудің заманауи әдістері мен түрлерін, озық педагогикалық тәжірибелерді енгізу, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру және Халықаралық зерттеулерге қатыса отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытын алға қойған.

Жаңа оқу жылының басталғанына да 1 айдам астам уақыт өтті. «Білім күні» жақындағаннан білім бөлімі тарапынан дайындық жұмыстары күшейтіліп, қажетті жұмыстар өз деңгейінде атқарылды. Жаңа оқу жылына дайындық мәселесі Түркістан қала әкімдігі, облыстық білім басқармасы тарапынан күн тәртібінен түспей, бірнеше мәжілістерде өңірдегі білім ошақтарының дайындығы, білім сапасын арттыру, әлеуметтік қамтамасыз ету сияқты мәселелер сөз болды. Соның нәтижесінде ауқымды жұмыстар атқарылып, жаңа оқу жылын бастауда мәселе болған жоқ.

Түркістандық педагогтар Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №412 бұйрығы негізінде жұмыс жасауда. Бұл орайда педагогтар «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыруда білім берудің заманауи әдістері мен түрлерін, озық педагогикалық тәжірибелерді енгізу, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру және Халықаралық зерттеулерге қатыса отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытын алға қойған.

Түркістан қаласындағы мұғалімдердің санаттары бойынша тоқталып өтсек, жоғары санатты – 26, І санатты – 36, ІІ санатты – 51, «Педагог» — 1744,  «Педагог-модератор» — 1261,  «Педагог-сарапшы» — 1039

«Педагог-зерттеуші» — 936, «Педагог-шебер» — 88 мұғалім болып отыр. Осы орайда айта кетерлік қуанышты жаңалықтардың бірі – «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектептердің салынуы болып отыр. 2024-2025 жылдары осындай 8 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша жылдың соңында пайдалануға беріледі. Алдағы жылы тағы 5 мектептің құрылысы басталады.

Қалалық білім бқлімінің ең негізгі бағыты – білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Түркістан қаласының білім беру мекемелері облыстық білім басқармасы және облыстық білім беруді дамыту орталығының келісімімен бекітілген жоспар аясында жұмыс жүргізеді. Жоспар бойынша әдістемелік кабинет жоспарлы жұмыстар атқарады. Жоспар аясында 2023-2024 оқу жылында мектеп басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен 4 рет әдістемелік кеңестер, 5 конференция, 6 форум, 92 облыстық және қалалық семинарлар, 7 олимпиада, 10 оқулар, 31 байқау, 5 шебер-сынып, 6 дөңгелек үстел өткізілді.

Бұдан бөлек бөлімде және білім беру мекемелерінде білім сапасын арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді. Олардың ішінде арнайы жобаларды атап айтуға болады. Яғни қазіргі таңда 8 бағыт бойынша жобалар жүргізілуде. Атап айтсақ, психология саласы бойынша «Бестерек», бастауыш білімді тиянақтау бағытында «Бастауыш мектепті тиімді басқару», жаратылыстану бағыты бойынша «Жасанды интеллект», оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында «Оқуға құштар мектеп», олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындау бағытында «Олимпиада мектебі», бітіруші оқушыларды кәсіп таңдауға бағдарлау мақсатында «Бейін анықтау — маңызды іс», қосымша білімді дамыту бағытында «Ұшқыр ой алаңы» және білім беруді шетелдік тәжірибемен ұштастыру мақсатында «Lesson study» жобалары сәтті іске асырылып келеді.

Білім сапасын көтеру бойынша ізденіс жұмыстары үнемі тоқтаған емес. Нәтижесінде жыл сайын білім сапасы мен оқушыларымыздың жетістіктері де жоғарылап келеді. Алдымен бүгінгі білім сапасының жағдайына тоқталар болсам, Түркістан қаласы облыстағы қала және аудандар арасында алғашқы қатардан түспей келеді. 2022-2023 оқу жылында білім сапасы 60% болған болса, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша қала мектептеріндегі оқушылардың білім сапасы 62,4%, орта баллы 4,14 болып отыр. Бұл облыс көлеміндегі ең жоғары нәтиже екендігін де айта кеткенім жөн.

Биылғы жылы орта мектепті 2816 оқушы бітірді. Олардың ішінде 168 оқушы «Алтын белгі», 174 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Бұл өткен жылғыдан едәуір жоғары көрсеткіш. Өткен оқу жылында бітірушілеріміздің 79,4% грантқа ие болса, биылғы жылғы түлектеріміздің 81% мемлекеттік грант жеңіп алды. Ал, пәндік олимпиадалардағы жетістіктерді айтар болсам, 2022-2023 оқу жылында облыстық негізгі олимпиадаларға 114 оқушы қатысып, 77 оқушы жүлдегер атанса, Республикалық олимпиадаға қатысқан 8 оқушының ішінен 7 оқушы олимпиада жүлдесін жеңіп алды. 2023-2024 оқу жылында облыстық олимпиадаларда 143 оқушыдан 99 оқушы, Республикалық олимпиадаларда 10 оқушыдан 7 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алды. Сондай-ақ, түрлі деңгейдегі байқаулар мен оқуларда 150-ден астам оқушыларымыз облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар, педагогтар арасында да жетістіктер аз емес. Мұғалімдер арасында өткізіліп жатқан облыстық, республикалық байқаулар мен фестивалдерде, олимпиадаларда жүлдегер атанып, түркістандық әріптестерінің мақтанышына айналған педагогтарымыздың саны елуден асады.

Әлеуметтік осал топқа жататын яғни аз қамтылған балалар жайына келер болсам, 2023-2024 оқу жылында: Тұл жетім – 94, Жартылай жетім – 1675,  Көпбалалы отбасында тәрбиеленетін – 17926,  Аз қамтылған – 2114,  АӘК алатын отбасынан – 3920 бала бар.

Олардың ішінде 1176 оқушыға түрлі акцияларда демеушілер есебінен көмектер көрсетілсе (мектеп формасы, қысқы киімдер, оқу құралдары, т.б.), 4555 оқушыға жалпыға міндетті білім қоры есебінен 40675 теңге көлемінде бір жолға қаржылай көмектер берілді. Ал, биылғы жылы 5500 балаға жалпыға міндетті білім қоры есебінен 43407 теңгеден берілуде.

Қала бойынша әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан  1434 бала ыстық тамақпен қамтылған. 2024 жылғы дерек бойынша биыл 7 бала асырап алынды. Сондай-ақ, 6 бала патронаттық тәрбиеге берілсе, бала асырап алуға 3 адам үміткер ретінде тіркелген. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз ету» тапсырмасына сәйкес: Қаланың 34 мемлекеттік мектептер, 21 балабақшалар 100% бейнебақылау жүйелерімен, дабыл батырмаларымен, мамандандырылған күзет қызметімен, турникеттермен, қоршаулармен қамтамасыз етілген.

Осы орайда айта кетерлігі, оқу жылы бойына қала әкімінің  бастамасы, қала Прокуроры және Полиция басқармасының басшысы қолдауларымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың тәрбиесіне бірлесе атсалысу мақсатында бірнеше игілікті шаралар ұйымдастырылып, нәтижелі жұмыстар атқарылды.

2023-2024 оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары толық ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда 34 мектептің ішінде 32 мектепте асхана жұмыс жасайды. 1 мектепте (№14 Қазыбек би) буфет болса, 1 мектепте (кешкі мектеп) асхана қарастырылмаған. Биылғы жылы бастауыш сыныптардан 17118 оқушы, әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 1434 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.

2024 жылы 7 мектеп пен 10 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде тиісті қаржы қаралып, №22 Б.Момышұлы, №26 Әйтеке би, №8 Н.Төреқұлов, №24 М.Шоқай, Ш.Ниязов, №12 Қ.Сәтбаев және №13 Ә.Науаи атындағы мектеп-гимназияларында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, балабақшалар бойынша айтар болсам, «Балғын», «Балбөбек», «Мереке», «Балапан», «Бөбек», «Болашақ», «Ертөстік» балабақшаларында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды.

Оқылып жатыр

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты

Соңғы жазбалар

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025

«Ішіп келіп аяусыз ұрды»: Тойда бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.