Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«40 блогер, 30 джип жалдаған»: қоғам белсендісі Ресейдің пропагандистері Алматыға келе жатқанын айтып, дабыл көтерді

8 Шілде, 2025 Оқиғалар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың маусым айында Ресейден шыққан «Путешествие в сердце Евразии» («Еуразия жүрегіне саяхат») жобасы аясындағы «Достық керуені» Қазақстанға ат басын бұрды. 100-ге жуық ресейлік «маман» ғылым, бизнес, мәдениет пен өнер салалары бойынша Орта Азияда өз жобаларын ұсынып, келісімшарттарға қол қоюда. Бұл мәселені қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков көтерген, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Жобаны «Росатом», «TatNeft», «Автоваз», «Росконгресс», және басқа да ірі ресейлік компаниялар қаржыландырып отыр. Ақпараттық қолдауды RT, ВГТРК, 1 канал, Спутник, НТВ сынды федералдық медиалар көрсетуде. Бұдан бөлек, 40-тан астам орыстілді блогер тартылған. Қазақстан тарапынан жобаны Туризм және спорт министрлігі қолдаған.

Алматыда өткен интеллектуалдық меншік құқығына арналған халықаралық конференцияда ресейлік тарап Еуразиялық кеңістікте авторлық құқықты орталықтандырылған түрде басқару жүйесін ұсынды. Яғни, Ресейде жасалған схема бойынша, одақтас елдердегі авторлық гонорарлар алдымен Ресейдегі ұйымға аударылып, кейін тиісті авторларға таратылуы тиіс.

Мәселе – бұл модель Қазақстандағы авторлық туындыларға да таралады:

  • Мысалы, Шәмші Қалдаяқовтың әндері Қазақстанда шырқалса да, гонорарды жергілікті ұйым емес, Ресейдегі авторлық құқық агенттігі жинайды.
  • Қазақстандық мейрамханалар мен концерт залдары төлеген қаражат алдымен Ресейге түсіп, кейін авторларға бөлінеді.

Ресейлік жобаның негізі – орыс тілі мен орыс тілді контентке басымдық беру. Олардың уәжі бойынша, Орта Азияда (Қазақстанды қосқанда) концерттік бағдарламаларда орыс тіліндегі әндер жиі орындалады. Осыған сәйкес,

  • орыс тіліндегі авторлық контентке гонорар автоматты түрде Ресейге бағытталады;
  • орыс тілінде орындалмаған шығармаларға да ортақ жүйе арқылы ақы төлеу міндеттелмек.

Бұл тәсіл ұлттық авторлар мен қазақ тіліндегі контенттің экономикалық шеттетілуіне әкелуі мүмкін.

Егер ұсынылған модель жүзеге асса:

  • Қазақстан авторларының қаржысы Ресей арқылы өтеді
  • Авторлық құқық саласында тәуелділік артады
  • Орыс тіліндегі шығармалар артықшылыққа ие болады
  • Ұлттық мүдде мен мәдени дербестікке нақты қауіп төнеді

Бұл мәселе тек Шәмші Қалдаяқовқа ғана емес, барлық қазақстандық өнер иелеріне қатысты.

Қазіргі уақытта Әзірбайжан билігі:

  • Бакудегі «Русский дом» мекемесін жапты
  • Ресейлік «Спутник» агенттігінің бөлімшесін жауып тастады
  • Пропагандамен айналысқан бірнеше жансызды қамауға алды
  • Орыс тілді мектептерді жаппақ ниетте

Бакудің бұл әрекеттері ұлттық қауіпсіздік пен ақпараттық егемендікті қорғауға бағытталған.

Қазақстанда орыс тілі мен орыс тілді контент ресми және бейресми деңгейде кеңінен қолданылады. Бұл жағдай ертең Ресей тарапынан «мемлекеттік тіл қолданысы үшін төлем талап етуге» дейін апаруы мүмкін.

Себебі, империялық амбициясы күшейген Ресей – ақпараттық, мәдени және құқықтық үстемдік орнатуға талпынып отыр.

Ресейдің интеллектуалдық меншікке қатысты жаңа жобасы – авторлық құқықты экономикалық құрал ретінде пайдалану әрекеті. Қазақстан бұл бастамаға сын көзбен қарап,

  • авторлардың құқығын өз аумағында қорғауға кепілдік беруі,
  • ұлттық заңнама мен егемендікті сақтауы тиіс.

«Бұға берсең сұға береді» деген мақал бүгінде жай сөз емес – нақты геосаяси шындықтың көрінісі.

 

Оқылып жатыр

«Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты

Трамп қысқа мерзімді сапармен Израильге барды

Газада соғыс тоқтады: ХАМАС пен Израиль келісімге келді

AZAL әуе компаниясы ұшағының апатына украиналық дрон да себеп болған – Путин

Дональд Трамп Газа секторына баруы мүмкін

Сириядан қашқан Башар Асадқа Мәскеуде у берді

Соңғы жазбалар

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.