Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті
  • «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Маған иттік жасады»: Тарбағатайда ескерткіш орнатқан кәсіпкер еңбекақысын ала алмай, даулы видео жариялады (ВИДЕО)

13 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: коллаж Todayinfo

Әлеуметік желіде MeirTas компаниясының басшысы Мұсабеков Мейірбек видеожазба жариялап, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылдық округінің тұрғындары мен әкімдігіне шағымданды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің еңбекақысын ала алмай жүргенін, сондай-ақ мердігер ретінде орындаған жұмысына тапсырыс берушілер жауап бермей отырғанын айтты.

Мейірбектің сөзінше, ол Астанадан шақыртылып, белгілі бір құлпытас пен мүсіндерді жасауға келісімге келген. Алғашқы келісім-шарт бойынша жұмыс құны — 7,5 миллион теңге болған, оған жоғары сапалы тастар Ресейдің Челябі қаласынан әкелініп, орнатылған. Тапсырыс берушілердің бірі — Егеубаев Айдын, тағы бірі — Мақсат Ысқақов деген азаматтар болғаны айтылды.

«Бастапқыда 7,5 млн-ға келіскенбіз. Маған алдын-ала 500 мың төледі. 19-ына дейін барлығын орнатып берсең болды деп айтты. Олар: “халықтан жинап берем ақшаны” деп сендірді. Енді маған иттік жасап отыр — 20 күн болды, артынан жүгіріп жүрмін, телефон көтермейді. Тасыңды бұзып алып кете бер дейді», — дейді Мұсабеков видеода.

Басшының айтуынша, халықтан осы ескерткішке 2 255 000 теңге жиналған. Сонымен қатар, Мақсат Ысқақов та 2,5 миллион теңге берген делінеді. Алайда, өзіне төленетін қалған қаражаттың қайда кеткені белгісіз болып тұр.

Мейірбек видеода ауыл ақсақалдарына, ел ағаларына жүгінгенін, жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысып жатқанын, бірақ ақшасын қайтармаса тасты манипулятор жалдап алып кетуге мәжбүр болатынын айтты.

Видео жарияланғаннан кейін желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Көпшілік кәсіпкердің еңбегі бағалануы тиіс екенін айтып, оны қолдап жатыр:

«Адал еңбекті жеуге болмайды!»
«Астанадан келіп, тасты әкелген адамға осылай жасау — ұят!»
«Әкімдік бұл іске аралассын. Әділет болу керек!»

Бірақ кей пікір иелері жағдайды екі тараптың уәжі толық тыңдалмай тұрып бағаламауға шақырды.

Қазіргі уақытта бұл жағдай қоғамда кең талқыланып, әділдік іздеген кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының проблемасын ашып көрсеткен кезекті мысалға айналды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Buqara.kz (@buqara_news_)

Оқылып жатыр

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

«Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты

«Ұйықтап отыр ма?»: Дәулет Мұқаев Үкімет сағатындағы әрекеті үшін сынға қалды

Соңғы жазбалар

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025

«Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты

14 Қазан, 2025

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.