Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«12 миллион теңге алды». Қымбат көлікті арзанға алмақ болған қазақстандықтар алаяқтың құрбаны болды

20 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Алматылықтар қымбат көлікті арзан бағада алып беремін деген “прокуратура қызметкеріне” 1 миллионнан 12 миллион теңгеге дейін алданып отыр. Алаяқтың қылмысы дәлелденсе де жұртты күдіктінің бостандықта жүргені алаңдатады. Он шақты адам әділдік іздеп прокуратураның табалдырығын тоздырып жүр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Алаяқтың құрбаны болғандардың сөзінше, ер адам өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырып, қымбат көліктерді арзанға алуға көмектесемін деп уәде еткен. Оның сөзіне имандай сенген жұрт алаяқтың қолына 1 миллионнан 12 миллион теңгеге дейін ақша ұстатқан. Алайда алданған жұрт бір жылдан бері уәде етілген көлікті ала алмай жүр. Олар алаяққа берген ақшасын қайтаруды талап етіп отыр.

“Бөліп төлеп, кореялық көлік алып беремін деді. Қызыл түсті көліктің суретін де көрсетті. Жалға алынған машина екен. Оған сенбедім. Қызыл құжатын көрсетті. «Міне, сенбесең, прокуратурада жұмыс істеймін” деп сендірді”, – дейді алданғандардың бірі Аделина Серікова.

Жәбірленушілердің арасында алаяқтың қолына бір емес екі көліктің ақшасын ұстатқандар бар. Оларды көліктің алғашқы жарнасын төлеу керек деп көндірген.

“Алаяққа алданып жүрміз. 12 миллион алған. Машина жасап беремін деп. Бізде бөліп төлеуге машиналар бар деген. «Судай жаңа машинамыз бар, алып берем» деді. Ақшамызды алып алды. Бір жыл бойы алданып жүрміз. Менен басқа тағы көп адам бар. Алатау ауданында іс қозғалмай жатыр, істі қайта-қайта жауып тастайды. Екі көлік жаңадан, 30 млн тұратын көліктер ғой. «Алғашқы жарнасын төлейсіз» деп алып алған”, – дейді Гүлмира Байгөзова.



10 жәбірленуші жиналып күдіктінің үстінен іс қозғады. Нәтижесінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда көпті алдаған күдікті қамауда емес, еркіндікте жүр. Алданғандардың наразылығын тудырған да осы.

“Күдікті ретінде сотқа дейінгі тәртіппен күдіктінің әрекеті дәлелденді. Алайда аудан прокуроры, Әуезов ауданының прокуроры өтініш хатымызды, яғни қамаққа алу, үй қамақтан изоляторға қамауға алуға аудан прокуроры бас тартты. Негізсіз бас тартты. Біз әділдікті талап етіп, аудан прокурорының заңсыз шығарған қаулысын, яғни бас тарту қаулысын бұзғымыз келеді”, – дейді заңгер Нұрболат Ибраев.

Прокуратура ер адамның үстінен іс қозғалғанын және тергеу жүріп жатқанын растады. Сондай-ақ күдіктінің не себепті қамауда емес, еркіндікте жүргенін түсіндірді.

“Күдіктіге қатысты ҚР ҚК  190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағымен тергеп-тексеру басталды. Қазір көрсетілген арызданушылардың бірнеше арыздары бойынша барлық тергеу жүріп жатыр. Қорытындысына қарай түпкілікті шешім қабылданады”, – деді Алматы прокуратурасы басшысының орынбасары Дәурен Динбаев.

Бұған дейін Астана полициясы қазақстандықтарға «Ayana Plaza» тұрғын үй кешеніне ақша салмауға шақырды.

алаяқтың алды алмақ арзанға болды болған көлікті миллион теңге Қазақстандықтар Қымбат құрбаны

Оқылып жатыр

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.