Фото: istockphoto.com
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды операция жүргізіп, «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты,
Алаяқтық жүйенің ұйымдастырушылары азаматтарға жылжымайтын мүлік, көлік құралдары және тұрмыстық тауарларды сатып алуға қаражат салуды ұсынып, салым сомасына ай сайын 30%-ға дейін пайда табуға уәде еткен.
Тінту шаралары барысында 1,2 млрд теңгеден астам қолма-қол ақша, сондай-ақ премиум санатындағы 13 автокөлік тәркіленді.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі азамат ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда, алайда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу барысына қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
Егер сізге экономикалық құқық бұзушылық туралы қандай да бір мәлімет белгілі болса, оны «АФМ Insider» телеграм-боты арқылы хабарлауға болады. Анонимдік кепілдендіріледі.