Атырау қаласының тұрғыны, төрт кәмелетке толмаған баланың анасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Ерекешов Айбардың бұрынғы жұбайы Нұржамал Тажғалиев 12 жыл отбасында қорлық көргенін айтты, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Мен Ерекешов Айбармен 12 жыл некеде болдым және осы уақыт ішінде жүйелі түрде қорлыққа, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырадым. Ол мені бірнеше рет соққыға жықты, орташа дәрежедегі дене жарақатын салды, бетіме түкірді, тізерлетіп отырғызды. 2018 және 2023 жылдары, сәбилерімді емізіп отырған кезімде, ол мені аяусыз ұрып-соғып, ауыр жарақаттады», — дейді Нұржамал Тажғалиева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағыттаған үндеуінде.
Ол екі рет полицияға арыз жазған, алайда оның және оның туыстарының қысымымен арызын қайтарып алуға мәжбүр болған.
«Әсіресе, 2023 жылы ол мәслихат депутаты болып сайлануына байланысты арызды қайтарып алуды өтінді.Некеміз кезінде ол отбасыны қаржылай қамтамасыз етпеді. Ажырасқаннан кейін де ешқандай материалдық көмек көрсеткен жоқ және бүгінгі таңда 5 989 670 теңге алименттік қарызы бар. Жеке сот орындаушысының шешімімен оған белгілі бір шектеулер қойылған, бірақ ол өз міндеттемелерін елемейді. Қазіргі уақытта ол балаларды өз қамқорлығына алу үшін сотқа шағым түсірді, бұл оның алимент төлемеу мақсатында жасаған әрекеті екені анық», — деді ол.
Ал бұрынғы әйелінің айыптауларына Айбар Ерекешов оныңң барлығы жала жабу деп айтқан.