Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер

19 Қараша, 2025

«Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады

19 Қараша, 2025

Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды

19 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер
  • «Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады
  • Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды
  • «Орнына мешіт салу керек»: Қоғам белсендісі өртке оранған үйге қатысты ұсыныс айтты
  • «Ең үлкен қателік»: Астанада жасөспірімдерге есірткінің қауіптілігі ашық түсіндірілді
  • Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды
  • Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды
  • Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады

«Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады

19 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: abai.kz

Желіде жазушы Аягүл Мантайдың сөздері қайта тарады. Ол адамның аштыққа да, ауыр жұмысқа да шыдай алатынын, бірақ махаббат пен мейірімнің жоқтығы жанды ең қатты қажытатынын жазады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

«Күн сайын жүз адам «әдемісің», «ақылдысың», «талантсың» десе де, жүрегі қалаған адамның «махаббатым» деген бір ауыз сөзіне жетпейді», — деген ойы көптің жүрегіне тиді.

 

Аягүл Мантайдың айтуынша, әкенің қызына айтқан жылы сөзі, мейірімі — оның болашақ өміріне берілген ең үлкен тірек.

«Бала кезіңде әкеңнің: “Менің қызым әдемі, ақылды” деп айтуы — сенің жүрегіңді махаббатқа дайындайды. Ондай махаббат адамды әлемге ашық қылады, айналасына жанашыр етеді», — дейді жазушы.

Автордың пікірінше, әке махаббатын көрген қыз болашақта жолықтырған адамын да сол сезімге бөлей біледі.

Жазушы махаббатты күтіп жүріп қажыған, көңілі қарайған әйелдер туралы да жазады.

«Көптеген сұлу, ақылды, өжет әйелдер сүйгенінің сатқындығынан, опасыздығынан қатайып кетті», — дейді ол.

Автор әйелдерді үш топқа бөліп қарастырады:

  1. сезімі көп, ақылы аз;

  2. сезімі аз, ақылы көп;

  3. сезімі мен ақылы қатар дамыған әйелдер.

Осы соңғы топтағы әйелдердің өмірі ең күрделі екенін айтады.

«Махаббатсыз өмір сүре алатындар бар. Оларға өмір жеңіл. Ал жүрегі тек махаббатпен тыныс алатындар бар — соларға ең қиын», — дейді Аягүл Мантай.

Оның сөзінше, махаббатын күте-күте жалғыз қалған, тіпті өмірден солай өтip кеткен әйелдер де жетерлік.

Жазушы махаббат жолында қателесу — табиғи құбылыс екенін, адамның басын тасқа да, тауға да ұратынын, бірақ сол үшін махаббаттың құндылығы жоғалмайтынын жазады.

«Махаббат — ауа секілді. Ол болмаса әйелдің тынысы бітеді. Мен жалғыздықты емес, махаббатты таңдаймын», — деген сөзі желі қолданушыларын терең ойға қалдырды.

Материалда айтылған пікір марқұм жазушы Аягүл Мантайға тиесілі.

Еске сала кетейік, қаламгер Аягүл Мантай 2021 жылдың 29 шілдесі күні өз-өзіне қол жұмсап, өмірден өткен еді.

Жазушы екі кітаптың авторы. Оның 2006 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» және 2019 «Жүрекке оралу» атты қос кітабы жарық көрген. Ол «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқай атындағы әдеби байқаудың жүлдегері. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері. Жазушы шығармаларына өз өмірінде арқау етіп үлгерген. Оның «Бөтен», «Соқыр сана», «Томпақ» сынды көптеген өзге де әңгімесі оқырман көңілінен орын тауып үлгерген.

Аягүл Мантай жазба Жазушы махаббат

Оқылып жатыр

Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер

«Орнына мешіт салу керек»: Қоғам белсендісі өртке оранған үйге қатысты ұсыныс айтты

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

«Сөз тауып айту да қиын!»: Ерке Есмахан Жетісайдағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді

Ақтөбеде білім мен медицинаға бағытталған ірі жобалар жүзеге асып жатыр — Асхат Шахаров

Соңғы жазбалар

Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер

19 Қараша, 2025

«Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады

19 Қараша, 2025

Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды

19 Қараша, 2025

«Орнына мешіт салу керек»: Қоғам белсендісі өртке оранған үйге қатысты ұсыныс айтты

19 Қараша, 2025

«Ең үлкен қателік»: Астанада жасөспірімдерге есірткінің қауіптілігі ашық түсіндірілді

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

19 Қараша, 2025

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

19 Қараша, 2025

Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

19 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.