Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

21 Мамыр, 2025

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

21 Мамыр, 2025

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

21 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды
  • Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді
  • Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті
  • Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды
  • Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
  • Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр
  • Абай облысында терезеден құлаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда
  • Қазақстанда Дженнифер Лопестің екі концерті өтеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 21 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 124 мың теңге: Түркістан облысының бас имамы мейрамханада банкеттің ақшасын бірден төлемей кеткен

124 мың теңге: Түркістан облысының бас имамы мейрамханада банкеттің ақшасын бірден төлемей кеткен

2 октября, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Журналист Ораз Әлімбеков Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповтің ерсі қылықтары туралы жариялады. Оның атуынша, Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтың өңірге жасаған іссапары үшін молдалардан миллиондап ақша жинағанын бас имам мойындамай қойған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

«Ол ақша Бас мүфти үшін емес, «молдалар газет-журналға жазылу үшін жинаған, байқамай менің каспиголдыма аударыпты» деп өтірікті соғып жіберді. Астанадан аттестация алу үшін мүфтияттан келген комиссия мүшелері үшін жиналған миллиондарды да мойындамады, бас имамның молдаларға арнап кеше жазған хатындағыдай ол ақша аттестация тапсыратын қарапайым имамдарды тамақтандыруға жұмсалыпты-мыс (хат мәтіні комментке қойылды). Ал аттестация тапсырған имамдар экзамен күндері өз ақшамызға тамақтандық деп маған арызын айтты… Мейлі ғой, бас имам жамағатын алдағанымен, ешқашан Шындықтан қашып құтыла алмайды – молдалардан жиналған ақша Бас мүфти мен мүфтият комиссиясының құлқынына арналғанын әлі талай чекпен дәлелдеп берем. Әзірге бұл мәселені қоя тұрып, түркістандық мұсылмандардың мешіттерге берген пітір-садақасы кімнің құлқынына кетіп жатқанын айтайын», — деді Әлімбеков.

Бас мүфти Н.Өтпенов былтыр көктемде Ержан Төлеповті Түркістан облысының бас имамы қылып тағайындады. Ол қасына іс басқарушы етіп Алимханды алды. Содан бастап оны лайықсыз қызметімен құттықтап келушілердің легі таусылған емес.

«2023 жылдың соңында Е.Төлеповқа «құттыбосын» айтып Түркістанға Астанадан Қалижан Заңқоев, Ерболат Жүсіпов секілді рулас үш-төрт имам келді. Бас имам қонақтарды «Кәусар» мейрамханасына ертіп барды, олар бір отырғанда 114 мың 200 теңгенің тамағын жеді. Е.Төлепов «ақысын ертең төлейміз… аумин» деп кеткен. Рас, төлемей туалай алдап кеткен жоқ әрине. Бірақ мейрамхана егелерін әбден «зар жылатып» жүріп қарызды әрең берді. Ол ақшаны Е.Төлепов қалтасынан шығарған жоқ. Бас имамның бухгалтері Құрманбекова мешітке жиналған ақшадан 110 мыңды «Кәусардың» қожайынына аударды. «Кәусардың» қожайыны Муратбек: «4200 тенге остаток тоже осы номерге аударып жіберіңіз» деген соң қалған соманы да жіберді (суретті қараңыз).

Осы оқидан кейін үш-төрт күн өтпей жатып, Е.Төлеповқа «құттыбосын» айтып тағы 4-5 кісі келді. Бас имам болып патшаның көңіл-күйіне бөленіп жүрген Төлепов оларды «Кәусарға» емес, бұл жолы «Тандыр» мейрамханасына апарды. Олар бір отырғанда 124 мың теңгенің тамағын ішіп-жеді. Дастархан иесі Төлепов бұл жолы да қалтасынан ақша шығарған жоқ. «Тандыр» мейрамханасы үшін осы 124 мың теңге жыр болды: «ішкен тамақтарыңның ақшасын қашан төлейсіңдер…» деп зарлаумен болды, бірақ тас төбеде Құдай көріп тұр екен, үміті үзілген жоқ. «Тандырдың» зары Құдайдың құлағына 10 айда жетті… әйтеуір. Әдеттегідей бас имамның бухгалтері Құрманбекова мешітке жиналған «Тандыр» қожайынының каспиголдына 124 мыңды аударды…», — деп жазды журналист.

Ол түркістандық жамағат мешітке «Алланың ризашылығы үшін» деп берген пітір-садақаларың кімнің құлқынына кетіп жатқанын дәлелдейтін бір ғана фактіні жазған.

«Қажет десеңдер, бас имамның мешіт мүлкін орынсыз пайдаланып, тағы қандай ысырап жасап отырғаны жөнінде тағы бір пост жазармын. Күтіңдер..», — делінген жазбада.

Оқылып жатыр

Халық әртісі? Осы жолы мәдениет саласына жауаптылар оңбай қателесті

Қазақстанда АЭС құрылысы: «Росатом» халықаралық консорциумға кіреді

«Қыздың артынан апаратын киімді жалға алып, кейін дүкенге қайта өткізе салады»: журналист құдалықтағы көзбояушылықты сынады

Лотерея ойнатып, үй уәде еткен: Атыраулық танымал блогер қамауға алынды

Қазақстанда Жошы хан туралы «Алтын империя» тарихи сериалының түсірілімі аяқталды

Жоқ жанға жалақы жіберген: Қазселденқорғау мекемесінде филиал басшысы сотталды

Соңғы жазбалар

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

21 Мамыр, 2025

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

21 Мамыр, 2025

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

21 Мамыр, 2025

Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

21 Мамыр, 2025

Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

21 Мамыр, 2025

Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр

21 Мамыр, 2025

Абай облысында терезеден құлаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда

21 Мамыр, 2025

Қазақстанда Дженнифер Лопестің екі концерті өтеді

21 Мамыр, 2025

Алматыда BRT желілерін салу кезінде қайта пайдалануға жатпайтын бүлінген жиектер ғана ауыстырылады

21 Мамыр, 2025

«Қабырғасы пышақталған»: Шерзат Полаттың мәйітіне қатысты сараптама қорытындысы жария етілді

21 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.