Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

15 мың рет өрт сөндіруге барған: Түркістанда 24 құтқарушы арнайы төсбелгімен марапатталды

18 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Құтқарушылар күніне орай Түркістанда 24 маман арнайы марапатталды. Жалпы Түркістан өңірінің өрт сөндірушілері жыл басынан бері дабыл бойынша 15 мыңға жуық нысанға барған. Құтқарушылар жалпы құны 1 млрд 974 млн 900 мың теңгені құрайтын материалдық мүліктердің бүлінуінің алдын алған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 
Бұл туралы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің бастығы Думан Қыдырмоллаев мәлімдеді.
«Түркістан облысында жыл басынан бастап дабыл өрт сөндіру бөлімшелеріне 14 963 рет дабыл түскен. Соңғы жылда қызыл жалын кезінде өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары 24 адамды құтқарып, 130 адамды эвакуациялаған. Аймақта өрт салдарынан 8 адам жарақат алып, 5 адам қайтыс болды. Облыста орын алған төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды жүзеге асыратын жалпы саны 42 өрт сөндіру бөлімдері бар. Одан бөлек, жыл басынан бері 2 өрт сөндіру бөлімшесі қолданысқа берілді. Жалпы өңірдегі өрт сөндіру бөлімшелерінде 1 388 қызметкер бар. Сонымен қатар, 203 бірлік техника жұмыс істейді» — деді сала басшысы Қыдырмоллаев.
Сондай-ақ брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Төреқұлов азаматтық қорағау органдарына жұмысқа тұру үшін атқарылатын міндеттер туралы баяндады.
«М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу үшін орта білімі бар 16 жасқа толған денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды азаматтар қабылданады. Академияға қабылдау медициналық және дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, Ұлттық бірыңғай тесттің нәтижелері бойынша іріктеу арқылы жүргізіледі. Академиядағы оқу техникалық мамандық болғандықтан Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде бейінді пәннен математика және физика пәндерін таңдау қажет. Оқуға қабылданғаннан кейін курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Барлық оқу кезеңінде киім-кешекпен, тамақтану және мемлекеттік шәкіртақымен қамтылады. Академияда күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған азаматтардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеліп, лейтенант атағын алып шығады. Құтқарушылар күніне орай Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы №508 бұйрығымен облыстағы 24 қызметкер түрлі дәрежедегі төсбелгі және алғыс грамоталарымен марапатталды» — деді спикер.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.