Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы Кимхэ әуежайында Гонконгқа ұшуға дайындалып тұрған жолаушылар ұшағы өртенді, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап.
Ұшақтың құйрық бөлігінен басталған өрт тез таралып, борттағы жолаушылар мен экипажды шұғыл эвакуациялауға мәжбүр етті. Әуе кемесінде 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Барлығы үрмелі трап арқылы эвакуацияланды. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды.
Оңтүстік Кореядағы басқа да әуе апаты
29 желтоқсан күні Jeju Air әуе компаниясының ұшағы Муан халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Boeing 737-800 ұшағы қону кезінде жылдамдықты азайта алмай, ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылғаннан кейін өртенген. Бұл қайғылы оқиғадан 179 адам қаза тауып, тек екі адам аман қалды.