Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды Todayinfo ақпраат агенттігі.
Алматы облысы агроиндустриялық аймаққа айналып, әлемдік инвесторлар назарын аударуда. Атап айтқанда, «PepsiCo» компаниясы құны 175 млн. долларлық чипсы зауытын салмақ, ал темекі өнімдерін шығаратын әлемге әйгілі «JTI» және «Philip Morris» кәсіпорындары облыс бюджетіне 158,2 млрд. теңге салық түсірген. «KT&G» (Оңтүстік Корея) компаниясы да 2026 жылы 80 млрд. теңгеге тағы бір зауытты іске қосуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, «ТехноНИКОЛ» 44 млрд. теңгеге жылу оқшаулағыш материалдар зауытын ашып, импортқа тәуелділікті азайтса, Еңбекшіқазақ ауданында ашылған вольфрам өңдеу зауыты елдің тау-кен өнеркәсібіне серпін бермек.