Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025

5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

22 Маусым, 2025

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады
  • 5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады
  • «Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады
  • Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады
  • «Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті
  • 22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті
  • Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды
  • Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бас мешітке барды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 22 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 2024 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді

2024 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді

2 января, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгеге өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айлық есептік көрсеткішке байланысты жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар мөлшері де 7%-ға артқан.

Жол ережесін бұзғаны үшін

2024 жылы автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 18 460 теңгеге тең. Жүргізуші жылдамдықты сағатына 20-40 шақырымға арттырса 10 АЕК немесе 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл арқалайды. Жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін 20 АЕК немесе 73 840 теңге айыппұл салынады. Жүргізуші әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты арттырып, тағы да жаза басса 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұл төлейді.

Автокөлікті басқаруға мүмкіндік беретін төлқұжаты жоқ жүргізушіге 20 АЕК немесе 73 840 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. Көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар көлік жүргізсе 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл төлейді не 20 тәулікке қамауға алынады.

Жол белгілеріндегі немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 11 076 теңге яғни, 3 АЕК-ке тең.

Жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жағдайда 10 АЕК немесе 36 920 теңге айыппұл арқалайды. Құқық бұзушылық қайталанған жағайда айыппұл мөлшері 15 АЕК немесе 55 380 теңгеге дейін артады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиегімен немесе тротуарлармен жүрген көлік жүргізушілеріне 15 АЕК — 55 380 теңге айыппұл салу көзделген.

Автотұрақ ережелерін бұзған жағдайда немесе жүргізушісі көлікті тұраққа  дұрыс қоймаса 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл төлейді. Тротуарда, гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарындағы тұрақта, сондай-ақ басқа да автомобильдердің жүруіне кедергі болған жағдайда 10 АЕК — 36 920 теңгеге дейін айыппұл салынады. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтарған жүргізушілер 3 АЕК немесе 11 076 теңге айыппұл арқалайды.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзып, қауіпсіздік белбеуін тақпай, көлік басқарып бара жатып телефонды пайдаланған жүргізушілер 5 АЕК көлемінде, яғни, 18 460 теңге айыппұл төлейді.

Жаяу жүргіншілер үшін

Жол жүру ережесіне бағынбайтын жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылар үшін де айыппұл мөлшері 7 384 теңге — 2 АЕК-ке өскен. Бір жыл ішінде қайта ереже бұзсаңыз айыппұл көлемі 10 АЕК-ке немесе 36 920 теңгеге дейін артады.

Басқа да айыппұл түрлері

Полиция қызметкерлері мен тергеушілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды өкімдеріне бағынбайтындар немесе олардың жұмысына кедергі келтіргенде 30 АЕК — 110 700 теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Қоғамдық орында түкіргені үшін, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде қоқыс лақтырғаны үшін бастапқыда 5 АЕК-ке немесе 18 460 теңге айыппұл салынса, құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке немесе 36 920 теңгеге артады.

Оқылып жатыр

Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бас мешітке барды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды

«Жаңа жалпыұлттық бірегейліктің іргетасы»: Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы айтты

Перизат Қайрат тергеу ісі аяқталды: Келтірілген шығын 3,5 миллиард теңгеден асты

«Ақымақ шенеунік»: Жас тоқалын тентіреткен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбайды қоғам белсендісі сынға алды

Соңғы жазбалар

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025

5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

22 Маусым, 2025

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 Маусым, 2025

Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады

22 Маусым, 2025

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

21 Маусым, 2025

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

21 Маусым, 2025

Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды

21 Маусым, 2025

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бас мешітке барды

21 Маусым, 2025

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.