Фото: Спорт 24.kz
Усман Дембеле 2025 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі.
Париж қаласында өткен ресми іс-шарада France Football журналының нұсқасы бойынша ең үздік ойыншы атағын жеңіп алған Усман Дембеле.
Топ 5 ойыншы:
1) Усман Дембеле
2) Ламин Ямаль
3) Витинья
4) Мохаммед Салах
5) Рафинья
Сонымен қатар, кеште басқа да жүлделер табысталды:
- Раймон Копа атындағы жүлде (Ең жас ойыншы) — Ламин Ямаль (Барселона)
- Йохан Кройф атындағы жүлде — (Ең үздік бапкер) Луис Энрике (ПСЖ)
- Герд Мюллер атындағы жүлде (Ең үздік сұрмерген) — Виктор Дьёкереш (Арсенал)
- Лев Яшин атындағы жүлде
- (Ең үздік қақпашы) — Джанлиуджи Доннарумма (Манчестер Сити)
- Ең үздік клуб — ПСЖ (Франция)
Әйелдер арасындағы
«Алтын Доп» жүлдесінің иесі — Айтана Бонмати (Барселона)