Астана, Қазақстан (20 қараша 2024) — Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялау науқанында кімдердің табыс декларациясын тапсыруға міндетті екенін айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz хабарлады.
Декларация тапсыруға міндеттілер:
- Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары.
- Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары.
- 20 мың АЕК (73 млн 840 мың теңге) көлемінде мүлкі бар адамдар.
- Шетелде мүлкі барлар.
- Шетелдік банктерде шоты бар қазақстандықтар.
Декларация тапсырмайтындар:
- Мұғалімдер.
- Дәрігерлер.
- Полиция қызметкерлері.
Министрдің айтуынша, жеке кәсіпкерлер декларацияны жыл сайын тапсыруға міндетті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер мүлікті басқа адамдардың атына тіркей алмайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылы қарапайым қазақстандықтар декларация тапсырмайтыны хабарланған болатын.