2025 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)(ОСМС)жарналарының мөлшері қандай болатыны белгілі болды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, жарналардың көпшілігі өзгеріссіз қалады.
Өзгеріссіз қалатын жарналар
2025 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз, яғни 85 000 теңге деңгейінде қалатын болғандықтан, дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін МӘМС жарналарының мөлшері де өзгермейді. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін жарна мөлшерлемелері де бұрынғыдай – тиісінше 3 және 2 пайыз болып қалады.
Өзгеретін жарналар
Бірыңғай төлем мөлшері 21,5 пайыздан 23,8 пайызға дейін, ал мемлекеттің жеңілдігі бар санаттар үшін жарналары ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы орташа айлық жалақының 1,9 пайызынан 2 пайызына дейін өзгереді. Орташа айлық жалақы мөлшерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2025 жылға арналған ОСМС жарналарының мөлшері:
- Жұмыс берушілердің аударымдары: жұмыскердің есептелген табысының 3 пайызы;
- Жұмыскерлердің жарналары: табыстың 2 пайызы;
- Бірыңғай төлем төлеушілер: еңбекақы төлеу қорының 23,8 пайызы;
- Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары: табыстың 2 пайызы;
- ЖК, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары: 5 950 теңге (республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы);
- Дербес төлеушілердің жарналары: 4 250 теңге (ЕТЖ 5 пайызы);
- Мемлекеттің ОСМС-ға жарналары: 7 285,9 теңге.
Жарналарды төлеу жолдары
МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ кассалары, екінші деңгейдегі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.
ОСМС жүйесіндегі мәртебені тексеру
ОСМС жүйесіндегі мәртебені тексерудің бірнеше жолы бар:
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты: msqory.kz;
- Telegram-бот: (https://t.me/SaqtandyryBot);
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
- Кейбір ЕДБ мобильді қосымшалары;
- «Электрондық үкімет» порталы egov.kz: «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысуы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі
Қосымша ақпарат
Жақында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастырудың жаңа тәсілдері туралы ақпарат жариялады.