Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті
  • Астана көшесінде мас судья ұсталды
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • «Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады
  • «Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » 2100 жас уақытша жұмыспен қамтылады — Алматыда «Жасыл ел» еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті

2100 жас уақытша жұмыспен қамтылады — Алматыда «Жасыл ел» еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті

9 Маусым, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Алматы қаласы «Жасыл ел» қалалық штабының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды Todayinfo. 

Жобаның негізгі мақсаты – Алматы қаласының жастарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарту арқылы уақытша еңбекпен қамту, экологиялық сананы қалыптастыру және патриоттық рухты дамыту.

2025 жылғы еңбек маусымы аясында 2100 жас уақытша жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда олардың ішінде 1266 жас жұмысқа кірісіп үлгерді. Жастар қаладағы саябақтарда, скверлерде, өзен жағалауларында және басқа да қоғамдық кеңістіктерде көгалдандыру, тазалау және абаттандыру жұмыстарымен айналысуда.

Салтанатты ашылу рәсіміне мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенді жастар қатысты. Құрметті қонақтар қатарында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Кажденбек Азиз, танымал эколог Скакова Айжан, «Жасыл ел» республикалық штабының төрағасы Нұрасыл Жасұланұлы, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қозғалыстарының мүшелері болды.

Сонымен қатар, жоба аясында Алматы қаласының 5 жетекші жоғары оқу орны мен экологиялық бағыттағы серіктес ұйымдар тартылып, жастарды жұмыспен қамту бойынша бірлескен жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Бұл серіктестік жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға және олардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Іс-шара аясында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлаған отандық танымал орындаушылар Думан Марат пен ADIL өз өнерлерін көрсетті.

Жобаның қатысушысы, «Жасыл ел» қатарында үшінші жыл жұмыс істеп жүрген студент Олжабай Мерей өз әсерімен бөлісті:

«Жасыл ел – бұл жай ғана көгалдандыру жұмысы емес, бұл – жауапкершілік, достық пен даму мектебі. Әр маусым мен үшін туған қалама үлес қосуға, жаңа адамдармен танысып, өз еңбегімнің маңыздылығын сезінуге үлкен мүмкіндік», – деді ол.

2004 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы бүгінде Қазақстандағы ең ірі экологиялық-еңбек жастар жобаларының біріне айналды. Алматы қаласында бұл бағдарлама жыл сайын мыңдаған жасты біріктіріп, олардың еңбекке, патриотизмге және экологиялық мәдениетке деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Оқылып жатыр

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Соңғы жазбалар

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.