Ұлыбританияның атақты миллиардері мен оның бойжеткен қызы, жолдастары теңізге түгел батып кетті. Олар таңға жуық Bayesian яхтасында болған.
Яхта Италияның Палермо қаласына жақын жерде, жағалау маңында тоқтап тұрған. Яхтаның суға батқан сәті жағалаудағы вилланың бейнекамерасына түсіп қалған, деп хабарлайды ВВС агенттігі.
«Британдық Билл Гейтс» атанып кеткен миллионер Майк Линчке тиесілі кеме бір минуттың ішінде суға батып, 49 метр тереңдікке барып тірелген. Экипаж мүшелері, яхтада болған қонақтардың барлығы түгел теңізге батып кеткен. Бортта барлығы 22 адам болған. Оның 15-і құтқарылды. 1 адам өлі күйінде табылды. Қалған 6 адамның денесі анықталған жоқ. Олардың арасында Линчтің өзі, оның 18 жасар қызы Ханна және серіктестер-достары бар.
Morgan Stanley International банкінің басқарма төрағасы Джонатан Блумер, оның жұбайы Джуди, Clifford Chance заңгері Крис Морвилло және яхта аспазшысы да із-түзсіз жоғалғандардың қатарында.
Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.