Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды
  • Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде
  • Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды
  • «Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді
  • Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді
  • Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады
  • «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті
  • «Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » 221 оқушы психиатрға жүгінді: Қызылорда облысында суицидтің алдын алу кешенді жүйесі іске асырылуда

221 оқушы психиатрға жүгінді: Қызылорда облысында суицидтің алдын алу кешенді жүйесі іске асырылуда

14 Шілде, 2025 Қызылорда облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысына сәйкес кешенді салааралық жоспар жүзеге асырылып жатыр. Қызылорда облысының білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы Todayinfo.kz ақпарат агенттігінің сауалына берген жауапта облыста атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

Аталған жоспар 2023–2025 жылдар аралығын қамтып, білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті жүйелеу, ата-аналармен және қоғаммен байланысты нығайту, диагностика мен жедел көмек көрсету механизмдерін енгізуді көздейді.

Облыс бойынша балабақшалар, мектептер мен колледждерде 628 педагог-психолог қызмет атқарады. Бұл көрсеткіш штаттық бірлікке сай келеді және өңірдегі барлық білім беру ұйымдарын қамтиды. Орта білім беру ұйымдарында қызмет ететін мамандар психологиялық-педагогикалық қолдауды жаңа ережеге (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №92 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырады.

Психологиялық қызметтің негізгі бағыты – балалардың мінез-құлқындағы ауытқуларды, күйзелістік және депрессиялық жағдайларды ерте анықтау. Осы мақсатта 11–17 жас аралығындағы оқушыларға жыл сайын арнайы психометриялық сауалнамалар (DASS, Ковач шкаласы, НСВ-10) жүргізіледі. Бұл әдістердің көмегімен суицидке бейім, эмоционалды тұрақсыз немесе жоғары стресс жағдайындағы балалар анықталып, олардың ата-аналарымен және медициналық мамандармен бірлесе кешенді көмек көрсетіледі.

«2025 жылдың ақпан айында жүргізілген мониторинг нәтижесінде 419 жасөспірім дәрігерлік кеңеске жіберілген. Оның ішінде 241-і жалпы тәжірибелік дәрігер кеңесін алса, 221-і психиатр кеңесіне жүгінген. Диагностика қорытындысы бойынша 110 балаға арнайы емдік шаралар тағайындалып, 22 жасөспірім стационарлық ем қабылдаған. Бұл – жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан диагностикалық және емдік бағыттағы жұмыстың нәтижесі екенін көрсетеді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қызылордада өңірлік мобильді топтар құрылып, шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесі жолға қойылған. Бұл топтар ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес әрекет етеді. Білім беру ұйымдарында QR-кодпен жабдықталған сенім телефондары, ақпараттық бұрыштар мен психологтар кеңесі қолжетімді форматта ұсынылған.

Балалар мен жастарға арналған Call орталықтар мен сенім телефондары тәулік бойы жұмыс істейді. Мысалы, 111 ұлттық сенім телефоны, 8-800-080-64-90 облыстық психологиялық қолдау орталығы, сондай-ақ жастар денсаулығы орталығының байланыс желісі жастарға көмек көрсетуге бағытталған.

Мұның барлығы Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жүйелі және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығын көрсетеді.

Оқылып жатыр

Қызылордада парапауэрлифтинг әлем чемпиондарына жаңа пәтер мен қаржылай сыйақы табыс етілді

Шыны өндірісінің жаңа дәуірі: Қызылорда облысынан шыққан әйнек төрт мемлекетке экспортталып жатыр

Қызылорда — Астанаға арасы 12 сағат — ауқымды жоба аяқталды

Қызылордада 1500 орындық «Келешек мектебі» ашылды

«Куликовқа бәсекелес»:  Қызылордадағы тоқаш, торт өнімдерін шығаратын кешен 170 адамды жұмыспен қамтымақ

Қызылордада алғаш рет «Ассамблея аруы – 2025» өтті

Соңғы жазбалар

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025

«Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді

1 Желтоқсан, 2025

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

1 Желтоқсан, 2025

Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады

1 Желтоқсан, 2025

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті

1 Желтоқсан, 2025

«Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

«Өтірік сөздеріне сенбеңіздер!»: Қабатовтың тоқалы елге үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.