Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

25 км кептеліс: Қазақстан-Ресей шекарасында жүздеген жүк көліктер кеденнен өте алмай тұр ен бері

3 Қазан, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2 қазанда Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұрғаны туралы ақпарат тарады.

Мәліметтерге сенсек, жүк көлігінің жүргізушілері кезек «Сырым» өткізу бекетіне дейін 20-25 шақырымға созылып жатқанын және 12 сағат ішінде тек үш шақырым ғана жүрген.

Жүк көліктерінің жүргізушілері қазіргі уақытта «Сырым» шекара бекетінде Ресейдің Самарасына қарай кезекте тұрғандарын және ұзын кезектен шағымданғандарын жеткізді.

«Мен шекара бекетіне, тіпті бекетке емес, «Сырым» бекетінен 20 шақырым жердегі кезектің соңына бүгін таңғы сағат алтыда келдім. Осы уақыт ішінде, яғни 12 сағатта бар болғаны үш шақырым ғана жүрдік. Біз қазір жанармай құю бекетінде тұрмыз, кезек өте баяу жылжып жатыр. Бұл жан айқайы ғой. Біз қалай жұмыс істейміз?! Шекарада не болып жатқанын және біз неге тоқтап қалғанымызды білмейміз!» – дейді жүргізуші Ақылбек Әдейетов.

Ол жағдайды бейнежазбамен растады. Түсірілім Бәйтерек ауданының Бейбітшілік ауылында (бұрынғы атауы Погодаево) жүргізілген.

«Бұл шекара бекетінде әрдайым осындай ұзын-сонар кезек болады. Неге? Бұл бекетті кім үшін жөндеді, мемлекет ақша салды? Неге бұл мәселені мемлекетаралық деңгейде шеше алмайды? Басқа бекеттер арқылы өтсек, онда ұзақ айналма жол жүру керек. Біріншіден, бұл уақытты жоғалтса, екіншіден, жол сапасы нашар. Мысалы, «Чаган» бекеті арқылы өтсек (Ресей жағындағы «Теплое» бекеті), онда біз қосымша ондаған шақырым жүріп өтуге мәжбүрміз. Оның бір бөлігі жолсыз жерде өтеді», – деп наразылықтарын білдірді жүк көліктерінің жүргізушілері.

«Маштаково» шекара бекетінде (жүргізушілердің айтуынша, дәл осы Ресей шекара бекеті көліктерді өткізуді баяулатып отыр) ұзақ уақыттан бері көлік кептелісі байқалды. Қазақстанның шекара қызметі мезгіл-мезгіл ресейлік әріптестерінен бекетте жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, немесе жүк тексеру үшін рентген аппаратының істен шыққаны туралы хабарлар алады.

Айта кетейік, соңғы рет 30 қыркүйекте Мемлекеттік кірістер департаменті РФ Орынбор облысының шекара қызметінің мәліметіне сілтеме жасап, БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында кептелістер болуы мүмкін екенін хабарлады. 30 қыркүйек пен 1 қазанда “Маштаково” шекара бекетінде инспекциялық тексеру кешеніне техникалық қызмет көрсету жоспарланған еді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысында жүргізушілер автогаз таппай, тағы тығырыққа тірелгенін жазған едік. Өңірде сұйытылған отын тапшы. Бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болып, көп жерде газ талонмен беріліп жатыр. Шенеуніктер өңірде газбен жүретін көліктер кейінгі жылдары күрт көбейіпті. Соның кесірінен ай сайын аймаққа берілетін 4 мың тоннаға жуық газ жетпей жатқанын жасырмайды.

 

болды жүк кептелісі көліктерінің пайда шекарасында ҚазақстанРесей ұзынсонар

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.