Алматы облысының әкімдігі ұлан-асыр той өткізіп, елге қымызмұрындық бермек, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Кеген ауданының Қарқара жайлауындағы айтулы іс-шара 6-шілде күні өтеді. Ұлттық салтты дәріптеу мақсатында «Биебау», «Қымызмұрындық» секілді дәстүрлерімізді ел арасына кеңінен насихаттау және Умаров Жолан Ыбрайахынұлын еске алу.
Алматы облысының әкімі және ұйымдастыру алқасымен өтетін іс-шараға Қырғызстаннан да қонақтар шақырылған.
Алматы облысының әкімі – Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы және көршілес Қырғыз мемлекетінің Ыстықкөл облысы, Түп ауданының әкімі – Абиев Қаныбек сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, Ақсақалдар, ардагерлер, аналар кеңесі, этно-мәдени бірлестіктер, БАҚ және баспа өкілдері мен өңір қонақтары шақырылды. Шараға 4 мыңнан аса адам қатысады деп күтілуде.
Іс-шаралар кезінде батагөйлер байқауы, құнан, топ, ұлы – аламан ат бәйгелері сонымен қатар, ауылшаруашылық, қолөнер шеберлерінің көрмелері, қазақ күресі, қошқар көтеру, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату сынды ұлтық ойындар мен «Топжарған» этно орталығының шоу бағдарламасы көрсетіледі. Бәйгенің бас жүлдесіне үш автокөлік тігіледі. Рамазан Стамғазы, Ұлту Қабай, Мұқасан Шахзадаев бастаған қазақ өнерінің майталмандары өнер көрсетеді.
Бағдарламасы:
Сағат 09:30 – 10:00 — Қонақтарды тіркеу;
Сағат 10:00 — Шараның басталуы;
Сағат 10:00 – 10:30 — Көрмелермен танысу;
Сағат 10:30-10:50 – Шараның салтанатты ашылуы;
Сағат 11:00 – 13:00 – Спорттық жарыстар;
Сағат 11:00 – 13:00 – Өнер жұлдыздарының концерттік
бағдарламасы;
Сағат 13:00-14:00 – Түскі ас;
Сағат 14:00 – 14:45 — «Топжарған» ұлттық өнер орталығының қойылымы;
Сағат 15:00 – 17:00 — Ат бәйгесі: (Құнан бәйге – 11 шақырым
Топ бәйге – 20 шақырым Аламан бәйге – 35 шақырым)
Сағат 17:00 – 17:30 – Жеңімпаздарды марапаттау;