[32 еуропалық медиа компания Google-ге қарсы цифрлық жарнамаға қатысты сотқа шағым түсіріп, шамамен 2,1 миллиард еуро шығынды талап етті, деп хабарлады Wall Street Journal.
Google-ді сотқа берген компаниялардың арасында Bild, Die Welt, Business Insider, Politico және Fakt сияқты басылымдарға ие медиа алпауыт Schibsted және Axel Springer, сондай-ақ Аустрия, Бельгия, Болгария, Чехия, Дания, Финляндия, Венгрия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Польша, Испания компаниялары бар.
Шағымданушылардың пікірінше, егер Google өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланбаса, медиа компаниялар жарнамадан айтарлықтай жоғары табыс алып, жарнамалық техникалық қызметтер үшін төмен комиссиялар төлейтін еді.
Google бұл айыптауларды жоққа шығарып, компания барлық баспагерлермен ынтымақтастықта екенін атап өтті.