«Қазгидромет» синоптиктері 26, 27 және 28 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Тек еліміздің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жауады деп болжанған. Сондай-ақ 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі», — деді синоптиктер.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.
Фото: aikyn.kz
Бұл жаңалық сізге қалай әсер етті?
Реакция қалдырыңыз 👇

