Түркістан қаласының айналысынан «Жасыл белдеу» құруға 30 000,0 гектар жер алу межеленген. Оның 28 335,0 гектар жер теліміне мемлекеттік акт алынып, мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылған. Түркістан қаласы мен Сауран және Отырар аудандарының жер иеленушілеріне тең көлемде жер беру арқылы «Жасыл аймақ» КММ-нің мемлекеттік орман қорын ұлғайту жұмыстары қажеттілікке байланысты жалғасын табады, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.
2024 жылдың күз және 2025 жылдың көктем айларында «Жасыл белдеу» аумағында орман екпелерін отырғызу және толықтыру жұмыстары атқырылуда. Негізгі басымдық Түркістан қаласын айнала қоршап тұрған «Жасыл белдеудің» 8 185 гектар аумағында жүргізіледі. Отырғызуға қажетті көшеттер Түркістан қаласының аумағына жерсінген мекеменің тұқымбағындағы көшеттер пайдаланылады.
— Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында елді мекендерді көгалдандыру, «Жасыл белдеуді» дамыту бағытындағы жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы ағаштарды отырғызып, күтіп-баптау және күзгі маусымдық ағаш көшеттерін отырғызуға дайындық жұмыстарын жандандыруды тапсырды, — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының елді мекендерді абаттандыру, аймақтарды көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы бар. Осы бағытта жұмысты жүйелеу керек. Ағаш отырғызуда кемшіліктер көп.
— Егілген ағаштардың сапасын аудан, қала әкімдері қадағалап, осы іспен айналысуы тиіс. Күзгі ағаш көшеттерін отырғызуға қажетті орындарды дайындауды, олардың суғару жүйелерін қосуды және тиісті аумақтарды қоршау жұмыстарын жүргізуді ағаш отырғызу науқаны басталғанға дейін аяқтауы тиіс. Көшеті өнбеген мердігерлер оны қайтадан егіп, жұмысын сапалы аяқтасын. Заманауи тұқымақтарды көбейтуді тағы да қайталап айтамын. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін қанша ағаш егілді, оның ішінде қаншасы өнгені туралы мәлімет әзірленіп, талдау жүргізілсін, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының 15 млн көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары Түркістан облысында 1,1 млн көшет отырғызу жоспарланған. Осыған орай, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітіліп, 2 млн 891 мың дана көшет отырғызу көзделген.
Облыстың елді мекендерін көгалдандыру жоспарына сәйкес, 2022-2024 жылдар аралығында 1 млн 832 мың дана көшет отырғызылды. Оның ішінде, Түркістан қаласына 512 мың дана көшет босатылған. Биыл күзгі көшет отырғызу науқаны аудан, қалалардың ауа-райына қарай қараша айынан басталады және олардың сұраныстарына сәйкес, 516 мың дана көшет отырғызу жоспарланып отыр.
Жиын барысында Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайра Абдуалиев Мемлекет басшысының 15 млн көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары Түркістан облысында 1,1 млн көшет отырғызу жоспарланғанын атап өтті.
«Түркістан облысының елді-мекендерін көгалдандырудың 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Аталған іс шара аясында өңіріміздегі 852 елді мекеннің шамамен 90 пайызын когалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет егу жоспарлануда. Облыстың елді мекендерін көгалдандыру жоспарына сәйкес, 2022-2024 жылдар аралығында 2 млн 348 мың дана көшет отырғызылды. Оның ішінде, Түркістан қаласына 512 мың дана көшет босатылған. Бүгінгі күнге жоспар 46 пайызға орындалды. Ағымдағы жылғы күзгі көшет отырғызу науқаны аудан, қалалардың ауа-райына қарай қараша айынан басталады және олардың сұраныстарына сәйкес, 516 мың дана көшет босату жоспарлануда. Облыстағы аудан, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыруға орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында өсіріліп жатқан 26 түрлі көшет түрі босатылады. Аталған көшет түрлерінің барлығы облыстың климаттық жағдайына бейімделген. Сонымен қатар, елді мекендерде гүлді өсімдіктерді көптеп отырғызу тапсырмаңызға сәйкес, ағымдағы жылы 50 мың дана, 2025 жылы 150 мың дана роза гүлдері мен қылқан жапырақты көшеттер босату жоспарға қойылған. Осы орайда, құрметті Дархан Амангелдіұлы аудан, қала әкімдеріне облыстың елді мекендерін көгалдандыру мақсатында берілетін күзгі ағаш көшеттерін отырғызуға қажетті жерлерді дайындауды, олардың суғару жүйелерін қосуды және тиісті аумақтарды қоршау жұмыстарын жүргізуді өз бақылауларына алуды және ағаш отырғызу науқаны басталғанға дейін аяқтауға тапсырма беруіңізді сұраймын. Сонымен қатар, 2023 жылдың күзінде және 2024 жылдың көктем айында елді мекендерді көгалдандыруға босатылған көшеттердің көнімділігіне талдау жұмыстарын жүргізуге облыс әкімі аппараты тарапынан табиғи ресурстар басқармасымен бірге арнайы коммисия құрамын бекітіп, талдау жұмыстарының нәтижесімен көнімділігі төмен болған аудан, қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарларының жауапкершілігін қарауды ұсынамын» — деді басқарма басшысы.
Жалпы Түркістан қаласының айналысынан қазіргі таңға жасыл белдеу құруға 30 000,0 гектар жер алу жоспарлануда. Оның 28 335,0 гектар жер теліміне мемлекеттік акт алынып, мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылған. Жасыл белдеудің қажеттілігіне байланысты қалған 1 665,0 гектар жерлерді құжаттандыру жұмыстары қараша айында бітеді. Алайда, Түркістан қаласы мен Сауран және Отырар аудандарының жер иеленушілеріне тең көлемде жер беру арқылы «Жасыл аймақ» КММ-нің мемлекеттік орман қоры жерлерін ұлғайту жұмыстары қажеттілікке байланысты жалғасын табады. 2024 жылдың күз және 2025 жылдың көктем айларында жасыл белдеу аумағында орман екпелерін отырғызу және толықтыру жұмыстары 17 019 гектар жерде атқарылады. Негізгі басымдық Түркістан қаласын айнала қоршап тұрған Жасыл белдеудің 8 185 гектар аумағында атқарылады. Бұл жерлерге негізінен толықтыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңадан көшет отырғызу жұмыстары Шәуілдір бағытындағы №5 орманшылықта 110 гектар және №1 орманшылықта 42 гектар жерге жүргузуледі. Отырғызуға қажетті көшеттер Түркістан қаласының аумағына жерсінген мекеменің тұқымбағындағы көшеттер пайдаланылады.
Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының заманауи тұқымбақтар құру бойынша тапсырмасына сәйкес, мекемеде 120,0 гектар жерге заманауи орман тұқымбағы құру жоспарланған. Бүгінгі күнге, оның 47,0 гектары тұрақты пайдаланылуда. Орман тұқымбағында 21 түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Оның ішінде қылқан жапырақты 5 түрі, жапырақты 11 түрі және бұта тектес ағаштардың 5 түрі бар. Түркістан қаласының айналасындағы жасыл белдеуге және қаланы көгалдандыруға бір жылда 2,5 млн дана әр түрлі ағаш-бұта көшеттері мен 150 мың дана бір және көп жылдық гүл көшеттері қажет.