Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «37 млрд теңгеге 21 жоба жасалды»: Нұрлыбек Нәлібаев облысқа тағы 800 млрд теңгенің инвестициясы тартылатынын мәлімдеді

«37 млрд теңгеге 21 жоба жасалды»: Нұрлыбек Нәлібаев облысқа тағы 800 млрд теңгенің инвестициясы тартылатынын мәлімдеді

2 апреля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бизнес өкілдерімен кездесті. Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысы бизнесті қорғау, инвесторлар мүддесін сақтау, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы мәселелерге тоқталды.

«Өткен жылы өңірімізде 37 млрд. теңгенің 21 жобасы іске қосылды. Маңызды әрі ірі жобаның бірі ретінде құны 20 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалын атап өтуіміз қажет. Қазіргі таңда әуежайдың қызмет көрсету салаларын дамыту, сенімгерлік басқаруға беру үшін вьетнамдық «Совико Групп» компаниясымен келіссөз жүргізілуде. Одан бөлек, шыны зауытының ішінен 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны шығару желісі, тамақ өнеркәсібінде 5 жоба, логистика саласында 1 жоба қосылды.

Бұл жобалар құрылысынан бастап іске қосылғанға дейін «қолмен басқару» режимінде сүйемелденді, туындаған мәселелері дер кезінде шешілді. Республикалық инвестициялар тарту кеңесінде цемент зауытының санитариялық-қорғаныш аймағы, салынып жатқан жаңа жылу-электр орталығының қосылған құн салығы, шыны зауытының тауарлық газ бағасын төмендету мәселелері шешімін тапты. Өңірімізге инвестиция тарту мақсатында Корея, Италия, Испания, Қытай елдеріне жасаған жұмыс сапарларымыз алғашқы жемісін беруде. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Кореяның СеулТех университетінің еліміздегі алғашқы Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды.

Наурыздың 12-сінде Астана қаласында Үкімет басшысы Олжас Абайұлымен бірге испаниялық «Roca Group» компаниясының басшылығымен кездесіп, алдағы жоспарларды талқыладық. Испандық инвестормен санитарлық бұйымдар өндіру зауытын салу жобасы пысықталуда. Қытай Халық Республикаcымен 10 млрд. 800 млн. теңгенің 9 келісіміне қол қойылды. Алдағы уақытта келісімдердің нәтижесі көріне бастайды.

Президентіміздің Катар еліне жасалған жұмыс сапары аясында өңірімізде 800 млрд. теңгеге қуаттылығы 1 100 МВт-ты құрайтын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жобаны орналастыру үшін 280 гектар жер телімі резервке алынды. Оның 100 гектарына газ-электр станциясы салынады, қалған аумақ перспективалық жобаларды жүзеге асыру үшін белгіленген. Инвестициялық жобалардың мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастыратын өңірлік штаб менің төрағалыммен тұрақты жұмыс жасауда.

Одан бөлек, Өңірлік үйлестіру кеңесінде жер телімдері мен инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жеткізуге қатысты шешімдер қабылданды. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, аймақтағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді, олардың мәселелерін шешуді, шағын және орта кәсіпкерлік үшін бизнес-ахуалды жақсартуды әрі қарай жүйелі түрде жалғастыратын боламыз», – деді Н.Нәлібаев.

Соңғы 3 жылда — 2022-2024 жылдары кәсіпкерлікті қаржылай қолдау үшін 16 700 жобаға әртүрлі қаржы көздерінен 206 млрд. теңге тартылды. Оның 40 млрд. 931 млн теңгесі мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау тапты. Биыл 29 млрд. теңгеге кәсіпкерліктің 4 800 жобасы қаржыландырылды. Бұл кәсіпкерліктің экономикадағы үлесін 21%-ға жеткізеді: 2021 ж. – 18,3%, 2022 ж. – 19,1%, 2023 ж. – 19,9%, 2024 ж 9 ай – 20,5% болды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2024 жылдары 748 жоба жүзеге асты, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл бағдарлама аясында 815 жоба көзделуде.

Агробизнес өкілдері шағын өндіріс орталықтарын құруға басымдық берген. Шаруашылық құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсібін бастаушыларды ғимаратпен, кепілдікпен қамтамасыз етуде.

Жиын соңында туындаған мәселелер талқыланып, кәсіпкерлер өз ойларын ортаға салды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.