Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Неге айыппұл салмайды»: Қазақстанды шулатқан Павел Дуров Көлсайда шомылып жүргенін көрсетіп, тағы сынның астында қалды

7 Қазан, 2025

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Неге айыппұл салмайды»: Қазақстанды шулатқан Павел Дуров Көлсайда шомылып жүргенін көрсетіп, тағы сынның астында қалды
  • Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады
  • Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды
  • «Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты
  • Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті
  • 4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды
  • Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті
  • «Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 7 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды

7 Қазан, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту, заманауи агрохабтар мен логистикалық орталықтар құрудың стратегиялық маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгін Алматы облысында осы міндеттердің нақты іске асуына айқын үлгі болған маңызды оқиға орын алды – Focus Logistics (BAZIS компаниялар тобы) компаниясының «Focus Aksengir» логистикалық паркі ашылды.

Жобаға жалпы инвестиция көлемі 70 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 2024 жылы 13 млрд теңге игерілді. Бірінші кезекте Ozon компаниясы үшін 40 775 шаршы метрді қамтитын заманауи фулфилмент-орталық салынды. Бұл бағытта оффтейк-келісім жасалған.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа парк өңірдің экономикалық өсуіне серпін беретініне назар аударды:

«Алматы облысы өзінің географиялық орналасуына байланысты еуразиялық көлік жүйесінің негізгі торабына айналуда. Бұл парк жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етіп, өңірдің инвестициялық имиджін нығайтады».

Бүгінгі күні жалпы аумағы 64 545 шаршы метр қоймалар пайдалануға берілді. Ал 2025 жылдың IV тоқсанында тағы 26 000 шаршы метр қойма іске қосылады. Болашақта А+ санатындағы 300 000 шаршы метрге дейін қойма орындарын және қуаттылығы 100 мың TEU болатын контейнер терминалын салу жоспарланған.

Жоба тікелей жұмыспен қамтуға және салық түсімдеріне әсер етеді. Тек Ozon компаниясымен серіктестіктің өзі 4 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ал өңір бюджетіне жыл сайынғы қосымша түсім 5 млрд теңгеден асады.

«Бұл нысанды біз жай ғана қойма кешені емес, сауда, инвестиция және бизнестің жаңа мүмкіндіктері шоғырланатын орталық ретінде қарастырамыз. Мұнда мемлекет те, инвесторлар да, жергілікті кәсіпкерлер де ұтады», – деді «Focus Logistics» ЖШС Бас директоры Диас Ғалиев.

Логистикалық парк БАКАД, Аксенгир теміржол стансасы және Қытай, Ресей мен Орталық Азия елдеріне шығатын халықаралық көлік дәліздерімен интеграцияланған.

Сонымен қатар, BAZIS компаниясы 50 000 шаршы метр аумақтағы көтерме-тарату азық-түлік орталығын салуды, сондай-ақ 300 гектардан астам индустриялық аймақты жолдармен, инженерлік коммуникациялармен, жатақханалармен және жеке сұрыптау стансасымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Оқылып жатыр

Алматы облысындағы «Ұзынағаш-Отар» тас жолының жөндеу жұмыстары аяқталды

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Соңғы жазбалар

«Неге айыппұл салмайды»: Қазақстанды шулатқан Павел Дуров Көлсайда шомылып жүргенін көрсетіп, тағы сынның астында қалды

7 Қазан, 2025

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025

«Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты

7 Қазан, 2025

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

7 Қазан, 2025

4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды

7 Қазан, 2025

Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті

7 Қазан, 2025

«Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды

7 Қазан, 2025

Арқалықта нейрохируг мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: министр пікір білдірді

7 Қазан, 2025

Жамбыл облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары ұсталды

7 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.