Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап, жантебірентерлік жазба жариялады. Ол анасының өмір жолындағы қиындықтары мен қайсарлығын оқырмандарына баяндады,деп хабарлайды Todayinfo.
Ләйлә Сұлтанқызы анасын өзінің жұлдызы деп атап, оның төзімділігі мен еңбекқорлығына ризашылығын білдірді.
«Қайта құру кезеңін көрген. Ала дорба арқалап, шетел асқан. Енесімен базарда нан мен шемішке сатқан. Пошташының 4 мың теңге айлығын қанағат тұтқан. Сырқат күйеуін әрқашан қолдай білген. 4 баланы жеткізген нәп-нәзік менің анам. Бұл әлемнің бар жақсылығына лайық! Рақмет сізге!», – деп жазды журналист.
Ләйлә Сұлтанқызының бұл жазбасы оқырмандарын толқытты. Көпшілік оның анасына деген ыстық ықыласын жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырып жатыр.