Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді
  • 16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 49 жылда салық пен кедендік төлем төлемейді: Қазақстаннан билігі Алматыда 7 гектар жерді шетелдіктерге жалға беретін болды

49 жылда салық пен кедендік төлем төлемейді: Қазақстаннан билігі Алматыда 7 гектар жерді шетелдіктерге жалға беретін болды

9 Мамыр, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Сенат Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Алматыда консулдық салу үшін АҚШ-қа жер телімін жалға беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Todayinfo тілшісі.

Қазіргі консулдық кейін толықтай жаңадан салынған орынға көшеді.

                                                Жердің көлемі мен бағасы

АҚШ Алматыдан жаңа бас консулдықтың ғимаратын салу үшін шамамен жеті гектар (70 593 шаршы метр) жер телімін 49 жыл мерзімге жалға алады. Бұл жалға алу үшін АҚШ 25,3 миллион долларды бір реттік төлем ретінде келісім күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде төлейді.

Келісім талаптарына сәйкес, АҚШ салықтар мен кедендік төлемдерден босатылады. Барлық құрылыс, қызмет көрсету, жөндеу және коммуналдық қызметтер шығындарын өздері өтейді. Консулдықтан бөлек, бұл аумақта АҚШ Сауда министрлігінің, Есірткімен күрес агенттігінің және Коммерциялық қызметтің өкілдіктері де ашылады деп жоспарланған.

                                                         Келісімнің саяси мәні

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, жаңа консулдық Орталық Азиядағы ең ірі виза орталығы болады. Бұл Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ бизнес пен қызмет көрсету саласының дамуына ықпал етеді.

Келісім ресми түрде бекітілгеннен кейін, бұл халықаралық әріптестердің сенімін нығайтып, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты жақсартуы тиіс.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, қазіргі кезде Алматыда орналасқан АҚШ консулдығының қызметкерлері жаңа ғимарат салынғаннан кейін сол жерге көшеді.

«Қазір Алматыда екі ғимаратты жеке жалға алып отыр. Жаңа бас консулдық салынған соң, барлық қызметкер сол жерге көшеді. Штаттың кеңеюі туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ бұл толыққанды инфрақұрылымы бар ғимарат болатындықтан, белгілі бір деңгейде кеңейту болуы мүмкін. Бұл мәселені АҚШ тарапымен нақтылау керек», – деді ол Сенаттың кулуарында.

Президент келісімді ратификациялап қол қойғаннан кейін, әкімдік пен бас консулдық қосымша келісім жасасады. Осыдан кейін жаңа ғимараттың құрылысы басталады. Рахметуллиннің айтуынша, бұл жобаны америкалық құрылыс компаниясы жүзеге асырады.

Оқылып жатыр

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

Алматы әкімсіз қалды: Президент ақыры Ерболат Досаевты қызметінен босатты

«Африкада алмаз өндіреді»: Boxy Wealth-қа алданған мұғалімдер тек соңғы үш күнде 600 млн теңге аударған  

Алматы әкімі Ерболат Досаев еттең қызметінен кетуі мүмкін

Назым бар: Дана Нұржігіт Халық артисі атағы нағыз иесін таппағанын айтты

Соңғы жазбалар

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025

«N1 продюсер екенін дүйім жұрт мойындады»: Қарақат Әбділдина зейнет жасына жақындаған күйеуін айтып мақтанды (ВИДЕО)

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.