Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, бес адам қаза тапты.
Полиция департаментінің мәліметінше, 42 жастағы Mitsubishi Pajero жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, алдымен Toyota Highlander көлігіне, содан кейін DAF жүк көлігінің тіркемесімен соққан. Оқиға орнында Mitsubishi Pajero-ның төрт жолаушысы мен Toyota Highlander-дің бір жолаушысы көз жұмды. Жол апатына түскен қалған адамдар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
https://www.instagram.com/reel/DLKF3vAMVZp/?igsh=bjc1eTk3cDlnaWo5