Фото: primeminister
Шымкент әкімдігі бизнесті дамытып, кәсіпкерлерге қолдау көрсеткеннің орнына инвестиция салған команиялардың жерлерін заңсыз тартып алумен айналысқан. Өзгенің мүлкін тартып алуды дағдыға айналдырған әкімдіктің заңсыз әрекетіне Антикор араласты, деп хабарлайды Todayinfo.
Антикордың ұсынысы бойынша Шымкент қаласының «Құрсай» жаңа құрылыс нарығы үлескерлерінің құқықтары қорғалды.
«Қабылданған шаралардың арқасында «Бизнеске жол» жобасы аясында өз бизнесін ашуды жоспарлаған кәсіпкерлерден жер учаскелерін негізсіз алып қоюдың алдын алуға мүмкіндік туды. Мәселен, Шымкент қаласында 5 кәсіпкер мемлекет қажеттілігі үшін жерлерін негізсіз алып қою мәелесімен Антикорға жүгінді. Олар құрылыс материалдары нарығына аумақтарды абаттандыруға 600 млн теңгеден астам қаражат салып, алайда оларды алып қою туралы уақтылы хабарлама алмаған», — делінген Антикордың хабарламасында.
Шымкет қаласының әкімдігі 2024 жылдың шілдесінде аталған учаскелерді өтеусіз алып қою туралы шешім қабылдаған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін бизнесті шенеуніктердің заңсыз араласуынан қорғау басым міндет және Агенттіктің тұрақты бақылауында. Антикордың ұсынысы бойынша жерді алып қою тоқтатылып, әкімдік сотқа талаптардан бас тарту туралы өтініш берді», — делінген хабарламада.
Ғабит Сыздықбеков басқаратын Шымкент қаласының әкімдігі бұған дейін де өзгенің мүлкіне таласумен аты шыққан. Қазіргі уақытта Шымкентті ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған 1100 жұмысшысы бар алып компанияны Ғабит Сыздықбеков командасы меншіктен тартып алмақ.