Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «5 күнде 500 шақырым жүріп өтеді»: Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» басталды

«5 күнде 500 шақырым жүріп өтеді»: Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» басталды

10 Мамыр, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі салтанатты түрде басталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Таңғы шапақпен бірге Бақанас бағытындағы кең далада Ұлы даланың рухын, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық бірегейлікті дәріптейтін ауқымды этноспорттық шара өз жалауын көтерді. Бұл шара жас ұрпақты ата-баба жолына деген құрметке, елдік пен бірлікке тәрбиелеуді көздейді.

Ашылу рәсімі тақырыптық көрмені аралаудан және қатысушы командалардың салтанатты шеруінен басталды. Мемлекеттік Гимн орындалып, қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл – жастарға ерлік пен Отанға деген сүйіспеншілік секілді асыл құндылықтарды үлгі етер тағылымды сәт болды. Ерекше рухани әсер қалдырған сәт – Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың берген батасы болды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз құттықтау сөзінде марафонның мән-маңызын атап өтті:

«Ұлы дала жорығы – бұл жай ғана спорттық жарыс емес. Бұл – ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты жалғап, тарихи жадымыз бен ұлттық рухты жаңғыртатын маңызды алаң. Біз осы марафон арқылы ата-бабаларымыздың бай мәдениетін дәріптеп, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайтамыз», — деді жастарға патриоттық рух пен ел тарихына деген құрметті оятуға бағытталған сөзінде.

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жобаның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына сай келетінін атап өтті:

«Ұлттық спорт түрлері мен мәдени мұраны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. “Ұлы дала жорығы” – қазақ өркениетінің байлығы мен қонақжай дәстүрін әлемге паш ететін бірегей жоба»,- деді ол.

Бұл жоба арқылы жастар елдің тарихи және мәдени құндылықтарымен терең танысып, ұлттық сана-сезімін қалыптастырады.

Сенатор, «JORYQ» федерациясының құрметті президенті Дархан Қыдырәлі жобаның терең тарихи маңызын айрықша атап өтті:

«Ұлы дала жорығы – бұл жай ғана бәйге емес, ата-бабалар жүріп өткен жолмен қайта сапар шегетін тарихи экспедиция. Бұл – көшпелі өркениеттің рухын сезіну, уақыттар арасындағы байланысты нығайту және ұлттық мұраны келер ұрпаққа аманаттау»,- деді ол.

«JORYQ» федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Биылғы марафонға 19 команда қатысуда: оның 13-і – Қазақстан өңірлерінен, ал 6 команда шетелдерден келген. Олар – Оңтүстік Африка Республикасы, Венгрия, Иран, Қырғызстан және Татарстан (РФ). Қатысушыларға бес күн ішінде 500 шақырымдық дала жолын еңсеру міндеті тұр»,- деді ол.

Осындай ауқымды шаралар арқылы жастар бойында табандылық, қайсарлық пен ұлттық мақтаныш сезімі қалыптасады.

Оқылып жатыр

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Алматы мен Мәскеу облыстары ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.