Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевтың модераторлығымен ҰКП «Атамекен» аймақтық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Бизнесті бірге қолдаймыз» тақырыбында аймақ кәсіпкерлерімен бизнес-форум өткізді.
Оған Қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар, мемлекеттік, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері, соның ішінде инвесторлар қатысты. Форум кәсіпкерлердің мәселелерін талқылау және мемлекеттік құрылымдармен диалог орнату үшін маңызды алаңға айналды.
Мадияр Басшыбаев прокуратура бизнес құқықтарын қорғау және заңсыз тексерулердің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар 5 мыңға жуық кәсіпкерлер мен 30-дан астам инвесторлардың құқықтарын қорғады.
Көбінесе, мемлекеттік сатып алу және жер заңнамасы саласында бұзушылықтарға жол берілген.
Мәселен, прокурорлар кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу туралы келісімдердің талаптарын қамтамасыз ету аясында енгізілген және тапсырыс берушілер – жергілікті атқарушы органдардың негізсіз ұстаған 120 миллион теңгесін қайтарды.
ШЫХО «Қорғас» арнайы экономикалық аймағының аумағында жұмыс істейтін 22 инвесторға көлік құралдарының кіру тарифі екі есеге (22 мыңнан 11 мың теңгеге дейін) төмендетілді.
Жалпы сомасы 700 млн теңгеге ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы жобаларды іске асыратын 5 инвесторға жер учаскелерін беруге қол жеткізілді.
Форумда бизнесті қорғаудағы цифрландырудың рөліне ерекше назар аударылды.
Өңірде тексерулерді келісу және орта және ірі кәсіпорындарды жауапқа тарту үшін «Прокурорлық сүзгіні» қоса алғанда, жаңа тетіктер енгізілді, бұл алты негізсіз тексерудің алдын алуға және 700-ден астам әкімшілік істерді бағалауға мүмкіндік берді.
Жалпы, прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін 120 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартса, олардың қызметіне араласқаны үшін 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК-нің 173-бабы – кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу).
Мадияр Басшыбаев бақылаушы органдарға кәсіпкерлер үшін жасанды кедергілер жасауды тоқтатуды ескертті. Форумның барлық қатысушыларын сындарлы диалогты жалғастыруға және бизнес үшін жағдайды жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Ол форум бизнес пен мемлекет арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға және экономикалық әлеуетін дамытуға ықпал ететін мәселелерді ашық талқылау үшін тұрақты алаң болады деген үмітін білдірді