Астана соттарының хабарлауынша, Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты 2023 жылы 28 тамыз қаржы пирамидасын құрған әйелді 5 жылға бас бостандығынан айырған.
– К. жалпы сомасы 39 899 953 теңгеге, аса ірі мөлшерде 20-дан астам жәбірленушіге материалдық залал келтіре отырып, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін кінәлі деп танылды. 2024 жылы 9 маусымда сотталған К. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге не айыппұлға ауыстыру туралы өтінішпен жүгінді. Соттың 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен сотталған К.-ның өтінішхаты оның мерзімінен бұрын екендігіне және жазаны өтеу мақсаттарына қол жеткізілмеуіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылған. Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 15 тамыздағы қаулысымен жоғарыда аталған сот актісі заңсыз және негізсіз деп жойылды, – делінген хабарламада.
Апелляция сатысы К. заңда көзделген жаза мерзімінің (1/3 бөлігін) өтегені, оны өтеу кезінде қасақана бұзушылықтарға жол бермегені, көтермелеуінін бары, жазасын жеңілдетуді сұраған барлық жәбірленушілерге келтірілген залалды толық өтегені анықталған. Осылайша, сотталушы қамаудан босатылды.