Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

50 млн теңгелік табыс: «Қазақтелеком» қызметкерлері орынсыз сыйақылар мен жаппай заңбұзушылықтар туралы мәлімдеді

29 Қыркүйек, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Денис Кривошеев

«Қазақтелеком» компаниясының бірқатар қызметкері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өздерінің наразылықтарын білдіріп, басшылық тарапынан әділетсіз шешімдер қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. 

Денис Кривошеев жариялаған хатта қызметкерлер компаниядағы жағдайды «әділетсіздік пен бассыздық» деп бағалап отыр.

Хатта келтірілген мәліметке сүйенсек, компанияның басқарушы директорларының бірі — кадрлар жөніндегі басқарушы директор, басқарма мүшесі Б. (аты-жөні әдейі жасырылған) бір жылға жетпейтін уақыт ішінде 50,5 миллион теңге табыс алған. Соның ішінде соңғы 22 миллион теңге — «EBITDA көрсеткішіне қол жеткізгені үшін» сыйақы ретінде төленген.

Ал қарапайым қызметкерлер 20–30 жылдық еңбек өтілімен 120–160 мың теңге көлемінде ғана жалақы алып отыр. Монтерлердің айлығы екі есе аз, ал кейбір жағдайларда бұл еңбекақы аула сыпырушылардан да төмен. «Қызметкерлер денсаулығын, жастығын компанияға арнағанымен, олардың еңбегі лайықты бағаланбайды» делінген хатта.

Компания қызметкерлері Б. ханымның ұжымға менсінбеушілікпен қарайтынын, ал бір видеоконференция кезінде тікелей эфирде кеңседе темекі шеккенін алға тартады. Бұл әрекет өрескел еңбек және корпоративтік этика нормаларына қайшы екендігі айтылған.

Хат авторларының сөзінше, аймақтардағы филиалдарда қысқартулар жүріп жатқанда, орталық аппаратта жаңа департаменттер ашылып, «өз адамдарын» жоғары жалақымен орналастыру жалғасуда. Сонымен қатар, «қызметтік көліктерге жалған жөндеу жүргізіледі, ал аймақтардағы кеңселерде он жылдан бері жөндеу жүргізілмеген».

Қызметкерлердің айтуынша, жобалар миллиардтаған теңгеге жалғыз «Бастау» ЖШС арқылы өткізіліп келеді. Бұл компания барлық тендерлерде – сатып алудан бастап құрылысқа дейін – қатысып отырған көрінеді. Жобаларды басқару дирекциясын бұрын «Транстелекомда» жұмыс істеген Доненбай Газиз Болатұлы басқарады, ол қазіргі басшылықтың сенімді серігі ретінде аталады.

Сонымен қатар, «Қазақтелекомның» активтері мен штаттарын «АуылТелеком» ЖШС-не өткізу мәселесі де күмән туғызған. Бұл қадам компанияның болашақта жекеменшікке сатылуына алып келуі мүмкін деген болжам жасалады.

Қызметкерлердің ұжымдық хатында:
«Қазақтелекомдағы жағдай тек басқару дағдарысы емес, бүкіл қоғам үшін алаңдатарлық белгі. Біз компанияның болашағына, қарапайым қызметкерлердің тағдырына алаңдаймыз. Бізге әділдік, ашықтық және жауапкершілік қажет», – делінген.

жалақы наразылық сыйақы Қазақтелеком қызметкерлер

Оқылып жатыр

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

Соңғы жазбалар

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.