Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді
  • «Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты
  • Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты
  • Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты
  • «Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты
  • Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді
  • Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды
  • Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 13 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «57%-дан астамы Өзбекстанға тиесілі»: Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда айналымын $10 млрд жеткізуді жоспарлап отыр

«57%-дан астамы Өзбекстанға тиесілі»: Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда айналымын $10 млрд жеткізуді жоспарлап отыр

8 августа, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістандық кәсіпкерлер Астанадағы «Қазақстан – Өзбекстан» бизнес форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жиынның ашылуында сөз алған Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин екі ел арасындағы сауда-саттық байланыстың артып келе жатқанына тоқталды. Оның сөзінше, соңғы 5 жылда екі елдің өзара тауар айналымы 29 пайызға өскен.

«Өзбекстан 2023 жылдың қорытындысы бойынша 7-ші орында тұрған Қазақстанның ірі сауда серіктесінің бірі. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен жалпы сауда айналымының 57%-дан астамы Өзбекстанға тиесілі. Соңғы 5 жылда екіжақты тауар айналымы 29%-ға өсіп, 2022 жылы $5 млрд көлеміне жетті. Бізге саудадағы мәселелерді жүйелі шешу және сауда айналымының жаңа өсу нүктелерін табу қажет, осылайша мемлекеттеріміздің басшылары қойған мақсат – орта мерзімді кезеңде $10 млрд-қа қол жеткізуге талпынуымыз керек», — деді Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.

Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Джамшид Ходжаев мұндай іс-шаралар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қуатты серпін беретінін атап өтті. Ол Қазақстан Өзбекстанның негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

«Әлемдік қауымдастық біздің өңірлерге біртұтас нарық призмасы арқылы қарайды. Сіздерді ірі жаһандық брендтерді тиімді тарту үшін күш-жігерімізді біріктіруге шақырамын», — деді ол.

Екі ел арасында өнеркәсіптік кооперация белсенді түрде дамып келеді, бұл $3,1 млрд сомасына 69 жоба, 14,7 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді. Қазірдің өзінде $217 млн сомасына 12 бірлескен жоба сәтті жүзеге асырылды, бұл тұрмыстық техника, жүк және жеңіл автокөліктер, тракторлар өндірісі. Белсенді фазада $178 млн астам сомаға үш инвестициялық жобаны іске асыру жүргізілуде. Олардың қатарында Тараз қаласындағы қуаты 500 мың тонна болат өнімін шығаратын электр металлургиялық зауыт пен Шымкент қаласында инфузиялық ерітінділерді өндіру бар.

Өзбекстан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерінің негізгі жеткізушісі саналады. Әлеуметтік маңызы бар агроөнеркәсіптік өнімдерді Өзбекстаннан жеткізуді дамыту үшін тез бұзылатын тауарларды тасымалдау кезінде «UZKAZTRADE» бірлескен кәсіпорнына қозғалыс басымдығын беру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

«Қазақстан – Өзбекстан» бизнес форумына екі елдің ұлттық компанияларының, іскер топтары мен мемлекеттік органдарының 450-ден астам өкілі қатысуда. Олардың арасында Түркістан облысының ірі кәсіпкерлері де бар. Өзбекстан Түркістан облысымен шекаралас орналасқан, барыс-келіс жолға қойлыған.

Оқылып жатыр

АҚШ пен БРИКС текетіресі: Трамп тарифтік ескерту жасады

Kaspi-ге кездейсоқ ақша түсті: оны қайтару керек пе?

2025 жылғы 1 шілдеден бастап банктер қазақстандықтардың барлық шоттары туралы мәліметтерді Ұлттық банкке тапсырады

10 адамнан ақша аударылса да тексеріске алынады: қандай аударымдарға салық органдары тиіспейді

Маңғыстау облыс әкімдігінің кезекті құйтұрқы әрекеті: зауыт 10 есе төмен өнім шығарып, мемлекетті алдаған

Төрт блогер 2,2 млрд теңге тапқан: Салық органдары табыстарын жасырған блогерлердің ізіне түсуді бастады

Соңғы жазбалар

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025

Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты

12 Шілде, 2025

«Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты

12 Шілде, 2025

Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді

12 Шілде, 2025

Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды

12 Шілде, 2025

Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды

12 Шілде, 2025

«Қашып кеткің келеді»: Аша Матай жан сырын бөлісті

12 Шілде, 2025

«Жауапкершілікті Құдайға арту»: Нұраддин Садықов жеңілісті «Алланың қалауы» деп ақталатындарды сынады

12 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.