Алматы облысының Көкөзек ауылында баланы басып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo.
Әлеуметтік желіде дау туғызған видеоны оқиға болған сәттен кейін, көліктің қашып бара жатқанын сол жердегі тұрғындар түсіріп алған. Баланы қағып кетіп, оның жерде тұра алмай жатқанын көріп тұрып жүргізуші тоқтамай кетіп қалған.
Полицияның мәліметінше 4 шілдеде Lexus RX 300 жүргізушісі дүкеннің жанында артқа қарай жүріп, велосипедпен жүрген 6 жастағы баланы басып кеткен. Сол күйі тоқтамастан ізін суытқан.