Тележүргізуші, журналист Руслан Өтепбай Түркістан облысында болған жантүршігерлік оқиға туралы әлеуметтік желідегі парақшасында баяндады,
Ақпаратқа сәйкес, оқиға Түркістан облысы, Ұшқын ауылында болған. 23 жастағы мүгедек жігітті ауылдың алты бірдей жігіті ұзақ уақыт бойы зорлап келген.
Жәбірленушінің анасы, жалғызбасты Гүлзада есімді әйел қоғамнан көмек сұрап, әділдік орнауын талап етуде.
Ең сорақысы, зорлады деп күдікке ілінген алты жігіттің үшеуі жәбірленушінің туыстары болып шыққан, ал біреуі кәмелет жасына толмаған 14 жастағы жасөспірім.
Руслан Өтепбай оқиға орнына барып, жәбірленушімен және күдіктілермен сұхбаттасқанын мәлімдеді.
«Күні кеше Ұшқын ауылына барып, жәбірленушілермен қоса, күдіктілермен де сұхбаттасып қайттым. Сұхбаттың толық нұсқасын таяуда YouTube арнамнан көре аласыздар», – деп жазды журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram