Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков Астанада лифт ішінде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірімнің жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Ол баланың сыртынан жапты да, жұмыс істеуге кетті. Ал енді баланың ойында не болды? Ол бала әбден дайындалды. Пышақтың сабын пакетпен орады, жақсылап киінді. Сосын барып анау баланың бетінен ұрды. Оның анасына ештеңе деп айта алмайсың ғой», – деді депутат.
Отбасылық жағдай және қаржылық қиындықтар
Анасы ай сайын 60 мың теңге балаға қамқоршы ретінде алады.
Ұлының 2-топтағы мүгедектігі үшін 80 мың теңге жәрдемақы беріледі.
Психикалық ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу оңай емес, ата-аналар көбіне қаржылық қиындықтарға тап болады.
«Психикалық мәселесі бар балаларға ата-аналар көбірек көңіл бөлуі керек», – депутаттың айтуынша, мұндай жағдайлар болашақта қайталанбауы үшін жан-жақты бақылау қажет.
Еске салсақ, 11 ақпанда Астанадағы лифтінің бірінде ауытқуы бар бала 5 жасар баланың бетін тілгілеп тастаған еді.