Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Әлем чемпионына пәтер, сенсация мен жеңіс: Алматыда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

1 Желтоқсан, 2025

Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты

1 Желтоқсан, 2025

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Әлем чемпионына пәтер, сенсация мен жеңіс: Алматыда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды
  • Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты
  • Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
  • «Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті
  • Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі
  • «Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады
  • Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » 60 үміткер бақ сынайды: Түркістанда халықаралық байқау өтіп жатыр

60 үміткер бақ сынайды: Түркістанда халықаралық байқау өтіп жатыр

17 Қараша, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркіс әлемінің туристік астанасы Түркістан қаласында ХХVI «Қазақ романсиадасы» романс орындаушыларының байқауы басталды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 60 үміткер қатысып жатыр, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.

Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынайды. Қазақ және орыс тілінде романс орындайды. Байқауға Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Романсиада» халықаралық байқауы идеясының авторы және ұйымдастырушысы Галина Преображенская, Өзбекстан Республикасының халық әртісі Аваз Раджабов, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Игорь Воронцов, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы, қазақстандық опера әншісі Талғат Мұсабаев сияқты өнер жұлдыздары қазылық етуде.

Осы байқау аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қазылар алқасымен кездесті. Кездесу барысында мәдениетті дамыту бағытындағы ұсыныстарын тыңдап, бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.

«Түркі әлемінің рухани орталығына айналған қасиетті Түркістан қаласында қазақ өнерінде қолтаңбасы бар өздеріңіздей тұлғаларды, әлемнің әр қиырынан келген талантты жастарды көргеніме шын қуаныштымын. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Мемлекет басшысының бастамасымен қаламызға ерекше мәртебе беріліп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып отыр. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда Түркістан ерекше қарқынмен дамып келеді. Ежелден Түркі елдері үшін рухани орталық, тарихи астана ретінде әспеттелетін шаһардың жаңа тынысы ашылып, оң өзгерістер болып жатыр. Түркістан Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы болып жарияланды. Бұл бастамалар өңірдің мәдени-рухани, туристік әлеуетінің артуына оң серпін беретін қадам деп білемін. Қазіргі таңда Түркістанда мәдениет пен өнерге айрықша көңіл бөлініп келеді. Руханиятты дамытуға арналған тың жобалар іске асуда. Халықаралық өнер жобалары Түркістанды таныта түседі» — деді облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев.

Айта кетейік, 17 қараша күні сағат 19:00-де «Фараб» кітапханасының залында Гала-концерті мен марапаттау рәсімі өтеді. Байқау жеңімпазы желтоқсан айында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына қатысады.

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Соңғы жазбалар

Әлем чемпионына пәтер, сенсация мен жеңіс: Алматыда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

1 Желтоқсан, 2025

Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты

1 Желтоқсан, 2025

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

1 Желтоқсан, 2025

«Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті

1 Желтоқсан, 2025

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.