Алматы облысының Полиция департаменті Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық істің тергелуі аяқталғанын мәлімдеді. Тергеу нәтижесінде барлық тараптар іс материалдарымен танысып, құжаттар сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданды, деп хабарлайды Todayinfo.

🔍 Тергеу барысында:

✔️ 40 сот сараптамасы жүргізілді
✔️ 200 куәгерден жауап алынды
✔️ 8 бейнематериал зерттелді

Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Оның құрамында дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Сот процесінің басталу уақыты алдағы күндері жариялануы мүмкін.

Exit mobile version