Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Бір миллион теңге: Қарағанды облысында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды

1 Желтоқсан, 2025

«Қытай қаптап, қазақ далада қалды»: Ауыт Мұқибек көші-қон саясатын сынға алды (ВИДЕО)

1 Желтоқсан, 2025

18 медаль: Республикалық олимпиада Алматы облысының оқушылары жоғары жетістікке жетті

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бір миллион теңге: Қарағанды облысында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды
  • «Қытай қаптап, қазақ далада қалды»: Ауыт Мұқибек көші-қон саясатын сынға алды (ВИДЕО)
  • 18 медаль: Республикалық олимпиада Алматы облысының оқушылары жоғары жетістікке жетті
  • Жамбыл облысында дарынды ұлдарға арналған алғашқы Әскери мектеп-интернаты ашылмақ
  • Тараз, Шу қалаларының 9 тұрғын алқабында және 24 ауылдық елді мекенде ауыз сумен жабдықтау жүйелері жаңартылып жатыр
  • «Қызға обал»: Өзінен 30 жас кіші әйелге үйленген ер адам қызу талқыға түсті
  • Жамбыл облысында 140 жас отбасыға баспана берілді
  • Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » 658 млн теңгеге Алакөл жағалауы абаттандырылады

658 млн теңгеге Алакөл жағалауы абаттандырылады

25 Мамыр, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Мақаншы ауданына барып, Алакөл жағалауында жүргізіліп жатқан абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылап қайтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Берік Уәлидің айтуынша, екі ай бұрын да Алакөл жағалауына арнайы барып, жергілікті жердегі ең өзекті мәселелермен танысып, тұрғындар мен демалушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдаған болатын. Сапар нәтижесінде анықталған негізгі проблемалар – жағалаудағы тозған инфрақұрылым, тазалық пен қауіпсіздіктің жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ туристік қызмет көрсету сапасының төмендігі болған.

Осы жағдайларды ескере отырып, облыстық бюджеттен Алакөл жағалауын жаңғырту мен дамытуға 658 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қазіргі уақытта бұл қаражат есебінен ауқымды абаттандыру жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, жағажай маңындағы арбат аймағы жаңартылып, сырланып, бояу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, көп жылдан бері жөндеу көрмеген ескірген темір қоршаулар мен жақтаулар толықтай ауыстырылады.

Жобаның келесі кезеңінде көл жағалауындағы 5 шақырым жолға асфальт төселеді. Бұдан бөлек, демалушылардың ыңғайлылығы үшін 10 модульді құрылым, 15 биодәретхана, 40-тан астам киім ауыстыратын кабина орнату көзделіп отыр. Сондай-ақ, жағалаудағы тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында қоқыс жәшіктерінің және бейнебақылау камераларының саны едәуір арттырылмақ.

Туристердің қауіпсіздігі мен жағажай аумағының тұрақтылығын сақтау үшін пирс пен қалқыма (понтон) орнату да жоспарға енгізілген.

Абай облысының әкімі атап өткендей, жағалауға келуші туристер легінің көптігіне байланысты Арбат аймағындағы жүктемені азайту – маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай жағалауға жақын маңда жаңа қоғамдық кеңістік салу жұмыстары басталған. Бұл аймақта 100 адамға арналған сауда-саттық нүктелері, үлкен сахна, заманауи субұрқақ, сонымен қатар тұрғындар мен қонақтар үшін арнайы серуендеу аймағы бой көтеретін болады.

Сапар барысында Берік Уәли Қарабұлақ ауылында жаңадан бой көтерген дәрігерлік амбулатория жұмысымен, Қабанбай ауылындағы тарихи-мәдени музейдің жай-күйімен танысты. Бұған қоса, аудан орталығында жеке инвестиция есебінен салынып жатқан май өңдеу зауытының құрылысы мен Жеңіс саябағында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары да назардан тыс қалмады.

Айта кетейік, Мақаншы ауданы – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қайта құрылған, облыс орталығынан шалғай орналасқан, бірақ туристік әлеуеті жоғары шекаралық өңір. Облыс әкімі ауданның өзекті мәселелерін жақсы білетінін және оларды кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Берік Уәли өңірлік дамуға бағытталған жобалар алдағы уақытта да жүйелі түрде іске асатынын, Мақаншы сынды шалғай аудандардың инфрақұрылымын жақсарту – өңірлік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Оқылып жатыр

Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті

Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды

Ақсуаттағы ағайынға жақсы жаңалық: Абай облысында жаңа спорт нысандары салынып жатыр

Мақаншы ауданында жаңа медициналық-фельдшерлік пункт ашылды

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне мерзімінен бұрын қайтарылды

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Соңғы жазбалар

Бір миллион теңге: Қарағанды облысында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды

1 Желтоқсан, 2025

«Қытай қаптап, қазақ далада қалды»: Ауыт Мұқибек көші-қон саясатын сынға алды (ВИДЕО)

1 Желтоқсан, 2025

18 медаль: Республикалық олимпиада Алматы облысының оқушылары жоғары жетістікке жетті

1 Желтоқсан, 2025

Жамбыл облысында дарынды ұлдарға арналған алғашқы Әскери мектеп-интернаты ашылмақ

1 Желтоқсан, 2025

Тараз, Шу қалаларының 9 тұрғын алқабында және 24 ауылдық елді мекенде ауыз сумен жабдықтау жүйелері жаңартылып жатыр

1 Желтоқсан, 2025

«Қызға обал»: Өзінен 30 жас кіші әйелге үйленген ер адам қызу талқыға түсті

1 Желтоқсан, 2025

Жамбыл облысында 140 жас отбасыға баспана берілді

1 Желтоқсан, 2025

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.