Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 6,9 мың тонна: Түркістан облысы ет экспортынан елімізде бірінші орынға шықты

6,9 мың тонна: Түркістан облысы ет экспортынан елімізде бірінші орынға шықты

16 Қыркүйек, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысы ет экспорты бойынша ел көлемінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 
Аграрлық салаға көрсетілген мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысында мал шаруашылығы тұрақты даму үстінде. Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 19 пайызы, өндірілген еттің 11 пайызы, сүттің 13 пайызы өңірдің үлесінде. Бүгінгі таңда облыста 1 млн. 120 мың бас ірі қара мал, 5 млн. 34 мың бас қой, 474,7 мың бас жылқы, 43,9 мың бас түйе, 2 млн. 167 мың бас құс бар.
Облыста 7 айда 112,8 мың тонна ет, 280,2 мың тонна сүт, 143,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ет экспорты бойынша Түркістан өңірі республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% облыстың еншісінде. Биылғы 7 айда 6,9 мың тонна ІҚМ, 4,7 мың тонна қой еті экспортқа шығарылды.
Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту оң септігін тигізіп отыр. Облыста жалпы 9183 ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде, 400 бастан — 1000 басқа дейін 13 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 бірлік мал бордақылау алаңында 35 мың бас ІҚМ бордақылануда.
«Ет экспортын арттыруда Сайрам ауданы кәсіпкерлерінің жұмысын ерекше атап өтуге болады. Атап айтқанда, 8 айда «Тұран Агро Ет-Сүт» АШӨК-і 3500 тонна сиыр етін және 1560 тонна қой етін Өзбекстан еліне экспорттаса, «Қайып ата» ЖШС 2 945 тонна сиыр етін және 12 тонна қой етін Өзбекстанға, 118 тонна қой етін Иранға экспорттады. «Қайып ата» ЖШС Тәжікстанмен 110 тонна ет экспорттау бойынша келісімшарт жасады. Экспорт осы айдан бастап жүзеге асырылады», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, республикалық делегацияның Австралия еліне жасаған іссапары қорытындысымен жалпы құны 55,2 млрд. теңгеге 5 ірі инвестицялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Соның ішінде «Қайып ата» ЖШС 3 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ.
Атап айтқанда, 2025 жылы Арыс қаласында 25 мың ІҚМ басына арналған бордақылау кешені іске қосылады. Ал 2025-2026 жылдары Сайрам ауданында «1500 басқа арналған ірі қара малды сою және өңдеу» жобасы мен «Мал сату биржасы» жобасы жүзеге асырылады.

Оқылып жатыр

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізіледі?

78 млн теңге: Қымбат пәтер алғандар тексеріледі…

Соңғы жазбалар

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.