Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

16 Қыркүйек, 2025

«Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды

16 Қыркүйек, 2025

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»
  • «Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды
  • Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды
  • Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті
  • «Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «7 коммерциялық нысан ашылады»: Сайрам ауданында жаңадан мөлтек аудан салынып, құрылыс жұмыстары қарқын алмақ

«7 коммерциялық нысан ашылады»: Сайрам ауданында жаңадан мөлтек аудан салынып, құрылыс жұмыстары қарқын алмақ

14 Маусым, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында құрылыс жұмыстары қарқынды түрде дамымақ. Өйткені, халық саны артқан Сайрам ауданында тағы бір мөлтек аудан пайда болмақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Жаңа қалашықта 12 мыңға жуық адам қоныстанады. Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қарасу ауылдық округіндегі 57 га жер теліміне салынатын жаңа құрылыс аумағының бас жоспарымен танысты. Аудан әкімі Арман Сәбитов өңір басшысына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен таныстырды.

Жаңадан құрылатын мөлтек ауданда 5 қабатты 49 тұрғын үй (2940 пәтер), әкімшілік ғимараты, мешіт, мәдениет үйі, жастар сарайы, қазандық, сауда үйі, 280 орындық балабақша, 600 орындық мектеп, 7 коммерциялық нысан мен саябақ салу жоспарлануда. Ғимараттың жалпы ауданы – 271 262,0 м2. Осы жылы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы басталады деп көзделуде. Бас мердігер «МПК-Проект» ЖШС-гі тарапынан инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттары дайын. Нәтижесінде, 11 760 адам баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

«Өңір басшысы Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, салынатын нысандардың сәулеттік үлгілерін талқылады. Сондай-ақ аудан әкімі мен жауапты сала басшыларына инфрақұрылымдық жүйелерін жоспарға сәйкес жүргізу керектігін тапсырды. Мөлтек ауданның құрылысы 2028 жылы аяқталады деп күтілуде. Бүгінде 11 аумақтық округке бөлінген Сайрам ауданының тұрғындарының саны 238 016 мың адамды құрайды. Жалпы ауданда 42 елдімекен бар», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ауданда биыл мемлекет тарапынан екі нысан бой көтермек.

Сапар аясында облыс әкіміне өткен жылы құрылған «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесі таныстырылды. Мекеме экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына да атсалысуда. Ауданды абаттандыру, көгалдандыру, ретсіз қоқыстардан тазарту және көше жарық шамдарын күтіп ұстау секілді жұмыстар жүктелген коммуналдық мекемені 28 техникамен қамту көзделген.

Оқылып жатыр

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

16 Қыркүйек, 2025

«Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды

16 Қыркүйек, 2025

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

16 Қыркүйек, 2025

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 Қыркүйек, 2025

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.