Фото: Қайрат ФК
Алматылық «Қайрат” футбол клубының 18 жасар қақпашысы «Реал Мадридке» қарсы ойыннан кейін әлем және желі жұлдызына айналды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасында Испанияның «Реал Мадрид» командасынан 5:0 есебімен жеңілгеннен кейін әлеуметтік желідегі басты жұлдызға айналды. Threads қолданушылары Шерханның “Қайрат” қақпасын голдан алып қалған сәті түсірілген видеоларын жаппай таратып жатыр. Оны артық гол жібермегені үшін қолдап, алғыстарын білдіруде.
Шерхан Қалмұрзаның Instagram желісіндегі оқырманы 48 000 адамнан, 173 000-ға жетті. Қақпашы түсірілген жазбалар мыңдаған лүпіл жинап жатыр.
Кейбір қолданушылар Шерхан Қалмұрзаның жеті сейв жасағанын айтты. Нәтижесінде ол 5,8 деген ұпай алды.
Қазақстандықтар Шерханды “Мбөпе” деп атап, «Король лев» фильмінің басты кейіпкері Симбаға ұқсатып жатыр.
Тағы бір желі қолданушылары Килиан Мбаппенің өзі қақпашыға таңданғанын жазып жатыр.
«Реал Мадрид» матч жеңіл өтеді деп ойлады-ау”, “Мән беріп қарады ғой түріне. Мынау біздің “Реалға” керек қақпашы сияқты деп ойлады ма екен”, “Мбаппе екеуіңнің арасыңда 10 жыл айырмашылық бар. Оның тәжірибесі көбірек. Бірақ соған қарамастан, сен мықты ойын көрсеттің. Қақпаға бағытталған қанша допты ұстап қалдың. Лайықты ойыншысың. Бұл қарқынмен 10 жылдан кейін Шерханның футбол жұлдызы болатынын елестетіп отырмын», “Мбаппенің өзі қобалжып кетті”, “Мбаппе саған қарсы ойнағандай болды. Рақмет! Бүкіл әлем сені еске алады деп ойлаймын» – деп жазды олар.