Испания үкіметі Валенсиядағы апатты су тасқынынан кейін ұлттық аза тұту күнін жариялады. Аапат 70 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Todayinfo.
Испания билігі биыл су тасқынынан қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендерді еске алу үшін 31 қазан, 1 және 2 қараша күндерін ұлттық аза тұту күні ретінде белгіледі.
«Үш күндік ресми аза тұту кезінде мемлекеттік ту барлық мемлекеттік ғимараттарда, соның ішінде шетелдегі өкілдіктер мен миссияларда төмендетіледі», – делінген хабарламада.
Кастилия-Ла-Манчтағы су тасқыны да бірнеше адамның өмірін қиды. Жауын-шашынның салдарынан ондаған мың тұрғын электр қуатынсыз қалды. 29 қазанда басталған жауын-шашын бүгін де тоқтамауы мүмкін. Апаттан зардап шеккен аумақтар апат аймақтары деп жарияланады.